Жәнібек Байғабелов Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің машина жасау кафедрасымен ҚҚМЖЗ бұрынғы директоры Г.П. Ли атындағы атаулы стипендия туралы меморандумға қол қойды
Мамыр айында ҚҚМЖЗ Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетімен атаулы стипендияны бекіту туралы меморандумға қол қойылды.
Ли Геннадий Павлович 1949 жылы Талдықорған облысы Үштөбе қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1967 жылы “Средазцветметремонт” Жезқазған басқармасының слесарі болып бастаған.
1970 жылдан бастап Қаныш Сәтбаев атындағы Жезқазған тау–кен металлургия комбинатында, кейін “Қазақмыс” корпорациясында жұмыс істеді. Жобалау зертханасының инженер–конструкторы, конструкторлық бюроның бастығы, тау–кен–шахта жабдықтарын жөндеу зауытының директоры лауазымынан бастап Корпорацияның жаңа техника жасау жөніндегі бірінші вице-президентінің орынбасарына дейінгі мансаптық өсудің барлық кезеңдерінен өтті.
1999-2012 жылдар аралығында Қарағанды құю-машина жасау зауытының директоры болып жұмыс істеді. Ли Г.П. жетекшілігімен зауыт ұжымы барлық тоқтап тұрған цехтардың жұмысын қалпына келтіріп қана қоймай, өнімнің жаңа номенклатурасын игерді.
Осы жылдан бастап KLMZ бастамасымен машина жасау кафедрасының бакалавр студенттеріне арналған Г.П. Ли атындағы стипендия ашық деп жарияланды. Бірінші жеңімпаз ашық конкурстың қорытындысы бойынша таңдалды.
Біздің команданың мақсаттарының бірі – адал еңбекті насихаттау, сондай-ақ Қазақстанның жас инженерлерін қолдау.
«Инженер — Еңбек адамы» атауы – мақтануға тұрарлықтай!