ТОҚСАНЫНДА ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН ШЕБЕР

Өскемендік Петр Шинкарев тоқсанға келсе де, жергілікті кәсіпорында жұмыс істейді. Жылдар бойы бел жазбай еңбек еткен қария «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен марапатталды. Қарт маман металл өңдеуге арналған барлық қондырғының тілін терең меңгерген.

Қайнар көз: https://kaztrk.kz