Түркістанда 200 адамды жұмыспен қамтитын зауыттың іргетасы қаланды
Түркістандағы “Turan” арнайы экономикалық аймағында тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар шығаратын жаңа зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті.
Жобаны “PSI Machinery” компаниясының директоры Павел Беклемишев таныстырды. “PSI Machinery” компаниясының зауытында тау-кен ісіне бағдарланған тіркемелер, жүк автомобильдеріне арналған металл конструкциялар мен техникалар шығаруды жоспарлап отыр. Жобаның құны-8,33 млрд теңге. Өндіріс көлемі-20 гектар. Жұмыспен 200 адам қамтылады.
Анықтама: PSI – PSI Engineering, PSI Energy & Control және Қарасай машина жасау зауыты (QMOZ) кіретін компаниялар тобы. 2002 жылы құрылған. Топ инженерлік жобалау мен материалдық-техникалық жабдықтаудан бастап өнеркәсіптік объектілерді салуға және пайдалануға беруге, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібін, энергетиканы, металдарды, мұнай мен газды қоса алғанда, нарықтың негізгі секторлары үшін металл конструкциялары мен модульдік қосалқы станцияларды дайындауға дейінгі кешенді қызметтерді ұсынады. Бүгінгі таңда PSI Group-та 2000-нан астам адам жұмыс жасайды. Серіктестер: “KAZ Minerals “ЖШС,” Теңізшевройл “ЖШС,” Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.”,” Karabatan Utility Solutions “ЖШС,” KATKO “БК ЖШС,” Қазхром” ТҰК “АҚ және басқалар.