Отандық машина жасау саласы 17%-ға өсті
Машина жасау саласының 5 жылдық жол картасы бекітілді. Осы аралықта 3 негізгі проблема шешілуі тиіс. Индустрияландыруды дамытуға қатысты заң қабылданады. Өнеркәсіп қорын қалыптастыру және өндіріс орындарын отандық шикізатпен қамту.
Машина жасауға қажет сауыт-сайманның дені сырттан жеткізіледі.
Импорттық тауар құны 17 млрд доллар болса, соның 40 пайызы құрал-жабдық тасуға жұмсалады. Өйткені елде қара және түсті металлдарды құю зауыттары аз. Барының өзінің технологиялары озық емес. Өндіріс қуаты төмен.
Жоқ-жітік алдағы 5 жылда түгенделуі тиіс. Ол үшін екі бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Алдымен жергілікті үлесті көбейту. Президент жолдауында өңдеуші өнеркәсіп көлемін 1 жарым есеге көтеру міндеттелді. Бұл машина жасау саласына тікелей қатысты тапсырма. Саланың жетістіктері де аз емес. Жаңа өнім шығаруға бет бұрыс жасады. Локоматив, жүк және жолаушылар вагоны, темір жол дөңгелегі мен аккумулятор, сорап пен мұнай жабдықтарының түрлерін арттырды.
Мейрам Пішембаев, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы:
Машина жасау салаларының өнімдері еліміздің ішкі нарығын қамтамасыз етіп қана қоймай, белсенді түрде экспортқа шығарылады. Қазір біздің кәсіпорындар Ресей, Қытай, Әзірбайжан,Тәжікстан, БА имираттары, Түрікменстан және басқа да елдерге экспорттайды өнімдерін. Дағдарысқа қарамастан отандық машина жасаушылар өндірісі тоқтаған жоқ. 17 пайызға құрады. Ақшалай мәнде 1,4 трлн теңге.
10 жылда өндіріс көлемі 4 есе өсіп, инвестиция 2,5 есе ұлғайды. Экспорт көлемі 3 есеге артты. Машина жасау саласын дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған жол картасы бекітілді.
Дерекөз https://qazaqstan.tv/