Отандық көлік саласы ішкі нарықтың 25%-ын қамтиды
Отандық машина жасау саласының өнімдеріне сұраныс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 17,2%-ға өскен.
Әсіресе, қорғасынды аккумуляторлар, электротехникалық құрал-жабдықтар және ауылшаруашылық техникасы жиі экспортталады. Бұл туралы Қазақстанның машина жасаушылары одағы басқармасының басшысы Мейрам Пішембаев баспасөз-конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, жергілікті өндіріс ішкі нарықты бүгінде 25%-ға қамтамасыз етуге қауқарлы. Алдағы уақытта импорт көлемін қысқартып, экспортты ұлғайту көзделіп отыр. Машина құрастыруда жиі қолданылатын техникалық болат көбіне көрші Ресейден жеткізіледі. «Ішкі шикізат қорын құру үшін жылына 100 мың тонна берік болат өндіру қажет», – дейді Мәжіліс депутаты Пішембаев.
Мейрам Пішембаев, Қазақстанның машина жасаушылары одағының басқарма төрағасы:
– Жылдан жылға экономиканың сұранысы машина жасау саласының өнімдеріне көбейіп келе жатыр.Экономика өсіп келе жатыр, сондықтан автомобильдерге де сұраныс көбейіп жатыр. Мұнай-газ саласының машинасына, трактор, комбайндар. Қай саланы алсақ, барлық жерде сұраныс өте жоғары.
Источник: Khabar 24