Одақ Жарғысы

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы»
заңды тұлғалар бірлестігінің
Қатысушыларының Жалпы жиналысы
«БЕКІТКЕН»
(2021 жылғы 12 мамыр № 2 хаттама)

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы»
заңды тұлғалар бірлестігінің
ЖАРҒЫСЫ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Бұдан әрі – “Одақ” деп аталатын “Қазақстан машина жасаушыларының одағы” заңды тұлғалар бірлестігі – бұл іс-әрекетті үйлестіру, мүдделер білдіру әрі жылжыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы машина жасау өнімдеріне, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қажеттілік нарығындағы бірлескен қызметті үйлестіру мақсатында құрылған заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі.

1.2. Одақ коммерциялық емес ұйым болып табылады әрі өз қызметін оның қатысушыларының еріктілігі, тең құқықтары, өзін өзі басқару, ашықтық пен транспаренттілік қағидаттары негізінде жүзеге
асырады.

1.3. Одақтың құрылуы мен қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, өзге де заң актілері, осы Жарғы мен оған сәйкес Одақ қызметі шеңберінде қабылданған шешімдер құрайды.

1.4. Одақ өз міндеттемелері бойынша оның билігіндегі бүкіл мүлкімен жауап береді. Одақ өз Қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Одаққа катысушылар Одақтың міндеттемелері
бойынша өздері енгізген кіру жарналары шегінде ортақ жауапкершілікте болады. Мемлекет Одақтың міндеттемелері бойынша, ал Одақ мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

1.5. Одақтың қызметі Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады және уақыты шектелмейді. Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында және басқа да әкімшілікаумақтық бірліктерде белгіленген тәртіппен осы Жарғының негізінде жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшелер (өкілдіктер) жұмыс істеуі мүмкін.

1.6. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Одақ тікелей халықаралық қарым-қатынастар мен байланыстар орната алады, тиісті келісімдер жасай алады, халықаралық қоғамдық (үкіметтік емес) бірлестіктерге ене алады, бұл ұйымдардан, шетелдік заңды және жеке тұлғалардан қаржы көмегін, қоса алғанда, мүлік, ақшалай қаражат, сондай-ақ гранттарды өтеусіз ала алады. Одақ мемлекеттік тіркелген сәттен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады. Одақтың өз есеп айырысу шоты, қазақ және орыс тілдерінде атауы жазылған мөрлері болады. Одақ қатысушыларының жалпы жиналысы үлгісін бекітетін өз рәмізі, таңбалары болады.

Одақтың заңды мекенжайы – Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Байқоңыр ауданы, ТМ Өндіріс, Ақсай к-сі, ғимарат 1.

2. ОДАҚТЫҢ АТАУЫ, НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН
ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ

2.1. Одақтың атауы

Толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан машина жасаушыларының
одағы» заңды тұлғалар бірлестігі
орыс тілінде – Объединение юридических лиц «Союз
машиностроителей Казахстана»
ағылшын тілінде – «Association of Kazakhstan Machinery Industry»
Қысқартылған атауы:
мемлекеттік тілде – ҚМЖО
орыс тілінде – СМК
ағылшын тілінде – AKMI

2.2. Одақтың негізгі мақсаттары

2.2.1. Қатысушылардың мүдделерінде Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы органдары арқылы оның тиісті ұйымдық-құқықтық құрылымы мен жұмыс істеуінің тетіктерін қалыптастыру.

2.2.2. Бірлескен жобаларға инвестиция салуды, кадрлар даярлау мен қайта даярлауды қоса алғанда, машина жасау саласын дамытудың келісілген стратегиясын қалыптастыру.

2.2.3. Қазақстан Республикасының экономикасы салаларының тауарларына, жұмыстары мен қызметтер көрсетуіне қажеттерін қамтамасыз ету үшін Одаққа Қатысушылардың күш-жігерін біріктіру.

2.3 Одақ қызметінің мәні:

Негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін Одақ өз қызметін мынадай бағыттарда жүзеге асырады:
1) Машина жасау саласының ұйымдарын дамытуға қолдау көрсету және жәрдем көрсету;
2) Мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен және өзге үшінші тұлғалармен өзара әрекеттесу кезінде Қатысушылардың мүдделеріне өкілдік ету, сараптама және жұмыс топтарының, комиссиялардың жұмысына қатысу;
3) бірлескен стратегиялар мен жобаларды іске асыру шеңберінде Қатысушылардың қаржылық, шаруашылық және инновациялық қызметін үйлестіру;
4) Қатысушылардың өндірістік, ғылыми-техникалық және ақпараттық кооперациясын дамыту;
5) олардың қызметіне қатысты әрі тиімді дамуды қамтамасыз ететін мәселелер бойынша ақпаратты Қатысушыларға жинау, өңдеу, сақтау және беру;
6) Машина жасау саласын дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары бойынша Қатысушылардың бірыңғай позициясын жасау;
7) «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының «Атамекен» кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының функцияларын жүзеге асыруға шартты негізде қатысу;
8) «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен «Атамекен» кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының Съездің, Президиумның, Президиумның жұмысына қатысу;
9) машина жасауды және онымен сабақтас салаларды дамыту мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты шараларын әзірлеуге катысу, мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеу;
10) Қатысушылар мүдделерінде семинарлар, конференциялар, көрмелер, тұсаукесерлер және басқа да іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
11) Қазақстан Республикасының сот және атқарушы органдарында Қатысушылардың мүдделерін қорғау әрі өкілдік ету;
12) Катысушыларға құқықтық, әдістемелік, консультациялық және өзге де көмек көрсету;
13) Қатысушылардың қаржы-шаруашылық және инновациялық қызметінің тиімділігін арттыруға, машина жасау өнімдерін өткізу нарығын кеңейтуге, сондай-ақ шетелдік компаниялармен кооперациялық және өзге де байланыстарын дамытуға жәрдемдесетін өзге де мақсаттар мен міндеттерді орындау;
14) сатып алудағы, соның ішінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді мемлекеттік және өзге реттелген сатып алу бойынша Қатысушылардың мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау;
15) жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қызмет бөлігі табылады.

3. ҚАТЫСУШЫЛАР, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

3.1. Заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген, осы Жарғыны танитын әрі орындайтын заңды тұлғалар қатысушылар болып табылады.

3.2. Одақ жаңа қатысушылардың оған кіруі үшін ашық.

3.3. Заңды тұлғалар Одаққа Қатысушылардың немесе қауымдастырылған Қатысушылардың құқықтарында кіре алады. Қатысушылар шешуші дауыс беру құқығымен Одақтың қызметіне, ал қауымдастырылған қатысушылар – кеңесіп дауыс беру құқығын иеленген.

3.4. Одаққа кіру Басқарма белгілеген нысанда заңды тұлға беретін жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады.

3.5. Одаққа қабылдау туралы шешімді Басқарма қабылдайды.

3.6. Қатысушылар өз дербестігі мен заңды тұлға құқықтарын сақтайды.

3.7. Қатысушылар:
1) осы Құрылтай Шарты мен Осы Жарғыда көзделген тәртіппен Одақ қызметіне қатысуға;
2) Одақ кызметі туралы ақпарат алуға;
3) Одақ қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға және оның органдары өткізетін барлық іс-шараларға катысуға;
4) Одақ жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
5) Одақты басқару органдарына сайлануға және сайламалы болуға;
6) әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек алу үшін Одаққа өтініш жасауға;
7) белгіленген тәртіппен Одақтың мүлкін пайдалануға құқылы.
3.8. Қатысушылар:
1) осы Жарғыны сақтауға;
2) Одақ мақсаттарына қол жеткізуге және міндеттерін жүзеге
асыруға, сондай-ақ Одақ органдары шешімдерін іске асыруға қатысуға;
3) Басқарма шешімімен мөлшері белгіленетін мүшелік және мақсатты жарналарды уақытылы төлеуге міндетті.

3.9. Шығу күніне дейін екі ай бұрын берілген өтініш негізінде Одақтан еркін шығу құқығы қатысушыларда сақталады.

3.10. Қатысушының Одақтан ерікті түрде шығуы туралы шешімді Басқарма бекітеді.

3.11. Қатысушылар осы Жарғыны бұзғаны, Одақ органдары шешімдерін орындамағаны, Одақ беделіне кір келтіргені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттері үшін одан шығарылуы мүмкін.

3.12. Қатысушыны Одақтан шығару туралы шешім Қатысушылардың Жалпы жиналысына қатысатын дауыстардың 2/3 қабылданады.

3.13. Одақ қатысушысы өз еркімен шыққан немесе құрамнан шығарылған жағдайда бұрын төленген кіру, мүшелік және мақсатты жарналар қайтарылмайды.

3.14. Қауымдастырылған қатысушылар:
1) Кеңесіп дауыс беру құқығымен Қатысушылардың Жалпы жиналысының жұмысына қатысуға;
2) Одақтың органдарының олардың қызметінің мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
3) Өз кәсіби құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Одақтан көмек сұрауға;
4) Басқарма шешімімен мөлшері анықталатын мүшелік және мақсатты жарналарды төлеуге;
5) Өз қарап-шешуімен Одақтың құрамынан шығуға құқылы;
3.15 Қауымдастырылған қатысушылар:
1) осы Жарғыны сақтауға;
2) Одақтың органдарының құзыретіне сәйкес олардың шешімдерін орындауға;
3) өз құзыреті шегінде Одақтың мақсаттарына қол жеткізуге, міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға белсенді қатысуға міндетті.

4. ОДАҚ ОРГАНДАРЫ

4.1. Қатысушылардың Жалпы жиналысы Одақтың жоғары органы болып табылады.

4.2. Одақтың атқарушы органы Басқарма болып табылады.

4.3. Атқару дирекциясы Одақтың тұрақты жұмыс істейтін атқарушы органы болып табылады.

4.4. Тексеру комиссиясы Одақтың бақылау органы болып табылады.

4.5. Одақ құрамында Үйлестіру кеңесі құрылады.

4.6. Басқарма мен Тексеру комиссиясының мүшелері Үйлестіру кеңесі мүшелерінің міндеттерін бір мезгілде атқара алмайды.

4.7. Жалпы жиналысты Басқарма төрағасы қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жылына бір рет немесе Одаққа Қатысушылардың кемінде жартысының талабы бойынша шақырылады.

4.8. Жалпы жиналысты шақыру мен оның ұсынылатын күн тәртібі туралы Басқарма төрағасы ол өткізілерден кемінде бір ай бұрын жариялайды. Егер оның жұмысына Қатысушылардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің жартысынан астамы катысса, Қатысушылардың Жалпы жиналысы өкілетті.

4.9. Қауымдастырылған қатысушылар кеңесіп дауыс беру құқығымен Қатысушылардың Жалпы жиналысының жұмысына қатысады, яғни дауыс беру құқығынсыз барлық мәселені талқылауға қатысуға құқылы.

4.10. Қатысушылар Жалпы жиналысының ерекше құзыретіне мыналар жатады:
1) Одақтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау, енгізу;
2) Одақты ерікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдау;
3) Одақ органдары құзыретін, ұйымдық кұрылымын, оларды калыптастыру әрі өкілеттігін тоқтату тәртібін белгілеу;
4) Атқару дирекциясының қаржылық есептерді ұсынуының тәртібі мен кезеңділігін, сондай-ақ Тексеру комиссиясының тексеру жүргізуі мен оның нәтижелерін бекіту тәртібін белгілеу;
5) Заңнамалық актілермен белгіленген шекте басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдарын және өкілдіктерін құруға немесе қызметіне Одақтың қатысуы туралы шешімді қабылдау;
6) Басқарма мүшелерін, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін, Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау және лауазымнан босату;
7) Басқарма Төрағасының, тексеру комиссиясы Төрағасының, Үйлестіру кеңесі төрағаларының, Атқарушы дирекция директорының есептерін тыңдау, сондай-ақ олар бойынша шешімдер қабылдау;
8) Одақ тұжырымдамаларын, стратегиялары мен жобаларын қарау және қабылдау;
9) Тексеру комиссиясының есебін бекіту.

4.11. Басқарма мүшелерін, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін, Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау туралы, одақтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, сондай-ақ одақты қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімдер қатысушылардың жалпы жиналысына қатысатын қатысушылардың 2/3 дауысымен қабылданады. Басқа мәселелер бойынша қатысушылардың жалпы жиналысы “бір қатысушы – бір дауыс”қағидаты бойынша қарапайым көпшілік дауыспен шешім қабылдай алады.

Тікелей Одаққа қатысушыларға дауыс беру үшін бюллетеньдерді жіберу арқылы сырттай дауыс беруге жол беріледі.

4.12. Басқарма мүшелерін Қатысушылар Жалпы жиналысы бес жыл мерзімге сайлайды.

4.13. Басқарма отырыстары жылына кемінде төрт рет немесе Басқарма Төрағасының бастамасы бойынша көзбе-көз нысанда өткізіледі. Басқарма отырысы оған Басқарма мүшелерінің жартысы қатысқан кезде өкілетті. Басқарма шешімдері жай дауыс көпшілігімен қабылданады. Дауыс тең болған кезде Басқарма төрағасы қосымша дауысқа ие.

Көзбе-көз, сондай-ақ сырттай нысандарда өткізіле алатын Басқарманың қосымша отырыстарын өткізуге жол беріледі.  

4.14. Басқарма мынадай өкілеттіктер мен құзыреттерге ие:
1) Қатысушылардың Жалпы жиналыстары арасындағы үзіліс кезеңінде Одақ қызметін ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде шешім қабылдайды, Қатысушылардың Жалпы жиналыстарын шақырады әрі өткізуді қамтамасыз етеді;
2) Одаққа Қатысушылар мен Қауымдастырылған қатысушыларды қабылдау және одан ерікті түрде шығу туралы шешім қабылдайды;
3) Басқарма төрағасын сайлайды;
4) Кезекті қаржы жылына Одақтың бюджетін бекітеді;
4-1) атқарушы дирекция директорының Атқарушы дирекция персоналын ұстауға арналған шығыстар сметасы туралы ұсыныстарын қарайды;
5) Одақтың жұмысының жылдық жоспарларын жоспарлайды және орындалуын ұйымдастырады;
6) Қатысушылардың кіру, мүшелік, және мақсатты жарналарының мөлшері мен төлеу тәртібін белгілейді;
7) Одақтың қызметінің қорытындысы туралы жылдық есепті бекітеді;
8) Басқарма Төрағасының, Тексеру комиссиясы Төрағасының, Атқарушы дирекция директорының есептерін қатысушылардың жалпы жиналысына ұсыну алдында қарайды;
9) Одақтың органдары туралы ережені бекітеді;
10) Одақтың ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекітеді;
11) Ережені, құрылымды, штатты, жұмыс жоспарын және Атқару дирекциясының қызметіне жататын өзге де құжаттарды бекітеді;
12) Одақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды қарастырады;
13) Қатысушылардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатарынан құрылатын комиссиялар мен жұмыс топтарының кұрамын әрі олар туралы ережелерді бекітеді;
14) Қатысушылардың Жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жатпайтын Одақ қызметінің өзге де мәселелерін шешеді.

4.15. Одақ Басқармасын Басқарманың мүшелері бес жыл мерзімге сайлайтын Төраға басқарады.

4.16. Одақ Басқармасының Төрағасы мынадай өкілеттіктер мен құзыреттерге ие:

1) Қатысушылардың Жалпы жиналысында және Басқарма отырыстарында төрағалық етеді;
2) Сырттай нысанда Қатысушылардың Жалпы жиналысының отырыстарын өткізу туралы шешімді қабылдайды;
3) Атқару дирекциясының директорын тағайындайды және лауазымнан босатады, онымен еңбек шартын жасайды;
4) Басқарма отырыстары арасындағы кезеңде Катысушылардың Жалпы жиналысы мен Үйлестіру кеңесі ұсынымдарын ескере отырып,
Одаққа жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарында, қоғамдық және халықаралық ұйымдарда Одақ атынан өкілдік етеді;
6) Басқарма мүшелері шешім қабылдаған кезде қосымша дауысқа ие;
7) Одақ қызметінің өзге де мәселелерін шешеді.

4.17. Атқару дирекциясы Одақтың тұрақты жұмыс істейтін органы болып табылады.

4.18. Атқару дирекциясының жұмысын Одақтың Басқарма төрағасы тағайындайтын директор басқарады.

4.19. Атқару дирекциясының директоры:

1) Басқарма отырыстарына кеңесші дауыспен қатысады;
2) банктерде шоттар ашады, оған Басқарма берген және Еңбек шартында белгіленген өкілеттік шегінде Одақтың қаржы құжаттарына қол қояды, Одақтың қаржы қаражаты мен мүлкіне билік етеді, заңды және жеке тұлғалармен шарт жасайды;
3) Қатысушылардың Жалпы жиналысының және Басқарманың шешімдерін орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, Атқару дирекциясы персоналын жұмысқа қабылдайды әрі олардың еңбек жағдайын қамтамасыз етеді;
4) Атқару дирекциясының қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) Қатысушылардың Жалпы жиналысының және Басқарманың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша құжаттардың техникалық дайындығын жүзеге асырады;
6) қаржылық және өзге де есептерді жасайды әрі Тексеру комиссиясының, Басқарма мен Қатысушылардың Жалпы жиналысының қарауына енгізеді;
7) Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарында және мемлекеттік емес ұйымдарда Одақ атынан өкілдік етеді;
8) Қатысушылармен ағымдағы өзара іс-қимылды жүзеге асырады, Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындайды, Еңбек шартында белгіленген өз құзыреті шеңберінде шешімдер қабылдайды;
9) белгіленген тәртіппен бекітілген штат кестесінің және Одақ бюджетінде тиісті шығыстардың болуы шартымен, Одақ Жарғысының
4.12. тармағында белгіленгеннен аспайтын мерзімге Одақ Басқармасының мүшесін қызметке сайлау туралы Одаққа қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі негізінде (Одақ Жарғысының 4.10-тармағының 6-тармақшасы) жұмыс берушінің атынан Одақ Басқармасының мүшелерімен еңбек шарттарын жасасады.

4.20. Үйлестіру кеңесінің Төрағасын Үйлестіру кеңесінің мүшелері бес жыл мерзімге сайлайды.

4.21. Үйлестіру кеңесінің отырыстары оның Төрағасының бастамасы бойынша, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі. Үйлестіру
кеңесінің отырыстары, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болады. Үйлестіру кеңесінің отырысы сырттай (пошта, факсографиялық, электрондық нысандағы құжатталған шешімдермен) өткізілуі мүмкін. Үйлестіру кеңесінің шешімдері жай көпшілік дауыспен
қабылданады.

4.22. Үйлестіру кеңесі мынадай өкілеттіктер мен құзыреттерге ие:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, коғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара қатынастарында Одақтың қызметін үйлестіреді;
2) Одақтың нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға, сондай-ақ,
конференцияларға, форумдарға, кеңестерге, көрмелерге, тұсаукесерлерге және басқа іс-шараларға қатысуын үйлестіреді;
3) Одақ кызметінің перспективалық бағыттары бойынша Одақ органдарына ұсыныстар енгізеді.

4.23 Үйлестіру кеңесінің отырыстарын олардың төрағасы, ал ол болмаған жағдайда-төрағаның орынбасары жүргізеді.
Үйлестіру кеңесі Басқарма қызметіне араласпайды, ал оның шешімдері Басқарма үшін ұсынымдық сипатқа ие.

5 . ОДАҚТЫҢ ҚАРАЖАТЫ МЕН М Ү Л К І

5.1. Одақтың қаражаты мен мүлкі:

1) Басқарма мөлшері мен төлеу мерзімін белгілейтін құрылтай, мүшелік және мақсатты жарналардан;
2) ерікті жарналардан, өтеусіз алынған мүліктен, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардан, шетелдік фирмалардан, халықаралық ұйымдардан алынған ақшалай қаражаттан, қаржы көмегінен, сондай-ақ гранттардан;
3) осы Жарғы мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де кірістерден құралады.

5.2. Басқарма мен Атқару дирекциясы Одақтың қаражаты мен мүлкіне билік ету құқығына ие. Одақтың қаражаты мен мүлкі
Қатысушылар Жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес нысаналы мақсаты бойынша ғана пайдаланылады.

5.3. Одақтың қаражаты ақша мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де бағалы қағаздар. Одақтың қаражаты Одақ жобаларын іске асыру мен Қатысушыларға қаржы көмегін көрсетуге, сондай-ақ қайырымдылық мақсаттарына басым түрде пайдаланылады.

5.4. Одақтың мүлкі жылжымалы және жылжымайтын мүліктен, патенттерден және басқа да нарықта құны бар өтімді материалдық емес құндылықтардан тұрады. Қатысушылардың ешқайсысының Одақтың мүлкіне немесе оның кез келген бөлігін меншіктеу құқығы жоқ.

5.5. Одақ өз міндеттемелері бойынша өз қаражатымен және мүлкімен жауап береді, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша олар өндіріп алынуы мүмкін. Мемлекет Одақтың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

5.6. Одақ өз қаражаты есебінен жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, иеліктен айыруға, жалға алуға әрі жалға беруге,
сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

5.7. Одақ қаражаты мен мүлкін жұмсалуын бақылауды Тексеру комиссиясы жүзеге асырады.

6. ОДАҚТЫҢ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

6.1. Одақтың қаржы және шаруашылық қызметін және жарғылық қызметінің дұрыс орындалуын тексеруді Қатысушылардың Жалпы жиналысы Одаққа Қатысушылар лауазымды адамдарынан бес жыл мерзімге сайлайтын Тексеру комиссиясы жүзеге асырады.

6.2. Тексеру комиссиясы өз қалауы бойынша, бірақ жылына кемінде бір рет Одақтың қаражаты мен мүлкінің дұрыс пайдаланылуына, Одақтың лауазымды адамдарының және оның құрылымдық бөлімшелерінің қолданыстағы заңнама мен Жарғыны сақтауына тексеру жүргізуді жүзеге асырады, қатысушылардың жалпы жиналысы мен Одақ басқармасы шешімдерінің орындалуын бақылайды. Тексеру комиссиясы тексеру нәтижелері туралы қатысушылардың жалпы жиналысына баяндайды.

6.3. Тексеру комиссиясының мүшелері Одақтың үйлестіруші атқарушы органдарына кіре алмайды және өз қызметінде Одақ органдарынан тәуелсіз болады.

6.4. Тексеру комиссиясы Басқармамен бекітілген Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

7. ЖАРҒЫҒА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

7.1. Одақ Жарғысын Қатысушылардың Жалпы жиналысы қабылдайды.

7.2. Осы Жарғыға кейінгі өзгерістер мен толықтыруларды Қатысушылар Жалпы жиналысы осы Жарғыда белгіленген тәртіппен талқыланғаннан кейін енгізіледі әрі бекітіледі. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар, жаңа редакциядағы Жарғы заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.

8. ОДАҚТЫҢ ФИЛИАЛДАРЫ МЕН ӨКІЛДІКТЕРІ

8.1. Одақ құрылымдық бөлімшелер (филиалдар мен өкілдіктер) құруы мүмкін.

8.2. Одақ тыс жерде орналасқан және оның бүкіл функциясын немесе функциясының бір бөлігін, соның ішінде өкілдік функциясын жүзеге асыратын Одақтың оқшау орналасқан бөлімшесі филиал бөлігі табылады. Одан тыс жерде орналасқан және оның атынан мәмілелер мен өзге де құқықтық іс-әрекет жасайтын әрі заңды тұлғаның мүдделерін қорғау мен оның мүдделерін білдіруді жүзеге асыратын Одақтың оқшау орналасқан бөлімшесі өкілдік болып табылады.

8.3. Одақтың филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлға болып табылмайды. Оларға Одақтың мүлкі беріледі және ол бекіткен ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

8.4. Филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын Басқарма тағайындайды жөне оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді.

9. ОДАҚТЫ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

9.1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және басқа заңнамалық актілермен көзделген негіздерде және тәртіпте Қатысушылар Жалпы жиналысының шешімімен ерікті және сот шешімімен еріксіз Одақ таратылуы және қайта ұйымдастырылуы мүмкін. Тарату комиссиясының құрылуы және қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

9.2. Одақты тарату кезінде оның мүлкі немесе оны өткізуден алынған қаражат оның мүшелерінің табысына айнала алмайды. Одақтың мүлкі оның қызметін тоқтатқан кезде, кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін, осы Жарғымен көзделген мақсаттарға бағытталады және ұқсас қызметпен айналысатын ұйымдарға табысталады.

9.3. Осы Жарғымен реттелмеген барлық басқа мәселе бойынша, Одақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.