Одақ БАҚ арасында байқау жариялады
Құрметті БАҚ өкілдері!
«Қазақстан машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі журналистер арасында«Қазақстанның машина жасау саласы: уақыттың жаңа талабы» атты ашық шығармашылық конкурс жариялайды.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «Үздік телевизиялық материал» (жаңалықтық бейнесюжет, талдамалық шолу, арнайы репортаж, түсініктеме, деректі фильм) ;
2) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» (мақала, талдамалық материал);
3) «Интернет-БАҚ-тағы үздік жарияланым» (ақпараттық хабарлама, сұхбат, шолу, эссе, очерк);
Конкурсқа 2022 жылғы 5 қыркүйек пен 5 қазан аралығында (қоса алғанда) ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, интернетте орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.
Конкурстың міндетті шарты конкурсты ұйымдастырушы – «Қазақстан машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігін атап өту болып табылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер сканерленген түрде 2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап 5 қазанға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) электрондық пошта арқылы қабылданады: info@smkz.kz «БАҚ арасындағы конкурсқа «Қазақстанның машина жасау саласы: уақыттың жаңа талабы» белгісімен. Байланыс телефоны: (7172) 792 – 795.