Нұр-Сұлтанда Қазақстан машина жасаушыларының IX форумы басталды
2021 жылғы 22-23 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан машина жасаушыларының IX форумы онлайн форматта (онлайн трансляция) өтуде.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар Одағы ұйымдастырады.
Форум жұмыс істеген жылдар ішінде өзін индустриядағы басты салалық оқиға ретінде танытты және мемлекет пен бизнестің бірегей диалог алаңына айналды.
Форумның ерекше маңыздылығы оның алаңында машина жасау саласын ғана емес, елдің өңдеу өнеркәсібін дамыту стратегиясы қалыптасуында, машина жасау кәсіпорындарын қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етудің және жергілікті қамтуды дамытудың жаңа тетіктері әзірленуде.
Форум аясында мемлекеттік органдар, шетелдік компаниялар мен отандық машина жасаушылар өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтуде. Панельдік пікірталастарда Машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру барысы, машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау мәселелері талқылануда.
Сонымен қатар, мұнай-газ, темір жол, электротехникалық, тау-кен металлургия кешені үшін машина жасау, автомобиль жасау және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау бойынша секциялық отырыстар өтеді.
Машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін базалық өндірістерді құру мен дамытуға, сондай-ақ қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатын жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында жергілікті қамтуды реттеу мен дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
Форум жұмысының қорытындысы бойынша машина жасау саласын одан әрі дамыту бойынша нақты ұсынымдар әзірленеді, олар қойылған міндеттерді бірлесіп шешу үшін ел Үкіметінің атына жіберіледі.
Осы жылдың 8 айында саладағы өндіріс көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 24%- ға өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы машинасын жасау – 300%, теміржол – 45%, электротехникалық – 28%, тау-кен металлургиясы және мұнай-газ саласы – 11% өсті.
Бүгінгі таңда салада 3 мыңнан астам кәсіпорын бар және оларда 119 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
Жалпы индустрияландырудың 10 жылында машина жасауда 400 млрд теңгенің 135 жобасы жүзеге асырылды, ал 2025 жылға дейін 160 млрд теңгеге 14 жобаны іске асыру жоспарда бар .