«Нұр Отан» партиясының жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Бизнеске қолайлы жағдай жасау біздің мемлекетіміздің мемлекеттік саясатының басым және ұзақ мерзімді бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет басшысы нақты іс-шаралар және отандық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған тапсырмалар арқылы күш-жігерді әрі қарай ынталандыруға баса назар аударады.
Осындай айқын ауқымды және қолайлы әсері бар бастамалардың бірі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президенті өзінің ағымдағы жылдың 5 қазанында Қазақстан халқына жолдаған жолдауында атап көрсеткен негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық амнистия жүргізу шарасы болып табылады.
ҚР Президентінің аталған тапсырмасын орындау үшін ҚР Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына түзетулер дайындады және олар қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілді.
Түзетулер жобасы шағын және орта бизнестің 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі негізгі қарызын 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін төлеген жағдайда айыппұл және өсімдерін шегеруді қарастырады.
2018 жылғы қазан айының басындағы мәліметтерге сәйкес 90 мың шағын және орта бизнес субъектілерінің өтелмеген 294 млрд теңге берешегі бар. Келесі жылдың соңына дейін 178 млрд теңге негізгі қарызын өтеген жағдайда 111 млрд теңге айыппұл және өсімпұлдары есептен шығарылады.
2018 жылғы 23 қарашада сағат 11:00 «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты ғимаратында партиялық куратор, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.К.Пшембаевтың жетекшілігімен Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыста ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпы ұлттық шаралар жоспарының 12)
«2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтың негізгі сомасын төлеу шартымен өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық амнистия жүргізу» тармағын талқылады.
Шара барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің Төрағасының орынбасары Т.К.Такикевтің, ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің директоры А.К.Амриннің есептері тыңдалды, сонымен қатар, бизнес-қауымдастықтардың алдағы салықтық амнистияға қатысты позицияларын білдіру мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП Төрағасының орынбасары Р.М.Журсунов сөз сөйледі.
ВКБ режимінде облыстар және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінің аталған мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарлары, ЖҰЖ аталған тармағын жүзеге асыруға қатысатын әкімдіктер басқармалары мен департаменттер басшылары қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мүшелері сәйкес нұсқаулар әзірлеп, олар ҚР Үкіметіне және уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.