Министр салықтық тексерулердің үштен бірге қысқартылуына уәде берді
2017 жылы салықтық тексерулер саны 37,5 пайызға қысқарады. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін беруі кезінде ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім етті, ХЖА «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлайды.
«Біз осы жұмыстың нәтижелілігі үшін жоғары салықтық қайтарымдарды сақтай отырып бизнес үшін қолайлы жағдай жасауымыз қажет. Бұл туралы «Пайдасыз шығын жоқ» деген мәтел бар. Сондықтан салықтық түсімдердің өсуі салықтық тексерулердің қысқартылуы аясында өтеді. Мысалы, биыл тексерулер 37,5 пайызға қысқартылады.Одан басқа, жаңа Салықтық кодекс жобасында тексерулерге негіз болып келетін нормалардың 56 пайызын алып тастау мәселесі қарастырулыда. Осы өзгерістің нәтижесінде қолданыстағы 32 норманың тек 14і қалады», – Б.Султанов мәлімдеді.
Министрдің айтуы бойынша салықтық тексерулерде сенім, ашықтық және өзара ынтымақтастыққа негізделген тәсілдемелер еңгізуліде – горизантальдық мониториг. Алдағы салықтық әкімшіліктендіруді ақпараттандыру сонымен қатар салықтық тексерулер санының қысқартылуына ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, Б.Султанов тиімсіз жеңілдіктердің санын қысқарту мақсатымен салықтық преференцияларды қайта қарау жұмыстардың жоспарланғаны туралы мәлімдеді. Заңнаманы ізгілендіру аясында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне тиісті өзгерістерді еңгізу мәселесі қарастырылуда. Оның ең маңыздысы – әкімшілік айыппұлдардың көлемін азайту және жазалаудың орнына ескерту институтын кеңінен пайдалану. Сонымен қатар, министр республикандық бюджеттің кіріс және шығыс ақпарттарын атап өтті.
Бюджет табыстары 7,7 триллионға жетті, яғни 2015 жылдың көрсеткішінен 1,5 триллионға артық. Оның 30 пайызын трансферттер құрайды. Шығындар 98,3 пайызға игерілді немесе 1 триллион 338 миллиард өсіммен іске асырылды. Шығынның жартысынан көбі, яғни 4 триллион теңге, әлеуметтік салаға бағытталды.
Мақаланың дереккөзі: Казинформ