Мейрам Пішембаев: қазақстандық машина жасау кәсіпорындары неміс компанияларымен ынтымақтастыққа дайын
Германияның Федералды канцлері Олаф Шольцтың Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Астанада 2024 жылғы 16 қыркүйекте “Қазақстан-Германия” бизнес-форумы өтті. Оның жұмысына машина жасаушылар одағы ЗТБ Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев қатысты.
Панельдік сессияда сөз сөйлеген ҚМЖО басшысы Қазақстан 2029 жылға қарай Ұлттық экономика көлемін қазіргіден 225 млрд-тан 450 млрд-қа дейін екі есеге арттыруға бағытталғанын атап өтті.
“Өздеріңіз білетіндей, бұл машина жасау-жоғары технологиялық сала, өңдеу секторын жаңғыртудың драйвері, экономикаға барынша қосымша құн береді. Басқаша айтқанда, әртараптандыру елдің экономикалық саясатының негізгі басымдығы ретінде айқындалған, мұнда металдарды терең өңдеу, мұнай, газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, конверсия, автокомпоненттер өндірісі сияқты жоғары технологиялық салаларды құруға назар аудару қажет”, – деді Мейрам Пішембаев.
Машина жасаушылар одағының басшысы Қазақстандағы неміс инвестицияларының 90% – дан астамы шикізаттық емес секторға, атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібіне, химия саласына, құрылыс материалдарын өндіруге, көлік пен агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі екенін атап өтті.
“Қазақстанда 2023 жылы тауарлар импортының жалпы көлемі 6 61 млрд құрады. оның ішінде $25 млрд немесе 41% – бұл машина жасау өнімі. Германияның кәсіпкерлері Қазақстандағы машина жасау саласына қызығушылық танытуда. Қазіргі уақытта Қазақстанда CLAAS, Bosch, Knauf, Schneider Electric, Siemens, Miele және басқа да танымал неміс компаниялары жұмыс істейді”, – деп атап өтті Мейрам Пішембаев.
Ол бүгінде Қазақстанның машина жасау саласы сенімді өсім көрсетіп отырғанын атап өтті. Ол 5 мыңнан астам кәсіпорынмен ұсынылған. Өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау үлесі шамамен 20% құрайды және 37 кіші саланы қамтиды. Қорытындылай келе, ол қазақстандық кәсіпорындар диалогқа ашық және берік іскерлік байланыстар орнатуға дайын екенін атап өтті.