Машина жасаушылар Одағында “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ сатып алу тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар мәселелері талқыланды
А.Ж. 25 шілде, бейсенбіде “Машина жасаушылар одағы” ЗТБ “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өңірлік өкілдермен апта сайынғы отырыс өткізді. Қатысушылар “Самұрық-Қазына”ұлттық әл-ауқат Қоры жүзеге асыратын сатып алу тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар мәселесін талқылады. Бұл өзгерістер Мемлекет басшысының “Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлығы шеңберінде Қордың сатып алу жүйесін қайта қарау бөлігінде жүргізіледі.
Атап айтқанда, “Атамекен” ҰКП жеткізілім көлемі олардың әлеуетті өндіріс көлемінен асатын тауар өндірушілерден қорғау бөлігінде сатып алуды жетілдіруге қатысты өзінің бірқатар ұсыныстарын жолдады. Бұдан басқа, “Атамекен” ҰКП СТ сертификаттарында белгілі бір өнім өндірісінің номиналды көлемін көрсетуді және “Самұрық-Қазына”сатып алу веб-порталында кері санақ нормасын енгізуді ұсынды. Бұл дайын өнімнің экспортын болдырмауға және жеткізілетін тауардың қазақстандық өнім екенін растауға мүмкіндік береді.
Өз тарапынан машина жасаушылар Одағы жақын арада “Атамекен” ҰКП ұсыныстары бойынша жауап беруге және өз бастамаларын әзірлеуге ниетті. Диалог барысында машина жасаушылар Одағы Басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов бірінші кезектегі сатып алу аясында күзде күрделі машина жасау өнімдерін сатып алу қажеттігін атап өтті.
“Егер мұндай сатып алулар қазан-қараша айларында жүргізілсе, кәсіпорындар желтоқсанға дейін жоспарланған өндіріс көлемін түсініп, өндірістік жоспарлар құрып, шикізат жеткізуге шарттар жасасуы біз үшін үлкен көмек болады. Бұл кәсіпорындардың өндірістік жүктемесін жақсы жоспарлауға және жеткізудің уақтылы мерзімдері бойынша мәселені шешуге мүмкіндік береді”, – деді Е.Мақанов. Сонымен қатар отырысқа қатысушылар “Самұрық-Қазына” қорының электрондық дүкені комиссиясының жұмыс шарттары мен мөлшерін, сондай-ақ бірқатар басқа мәселелерді талқылады.