Машина жасаушылар Одағында ЭЫДҰ бизнесті жауапты жүргізу стандарттары талқыланды
А.ж. 5 қыркүйек, бейсенбіде “машина жасаушылар одағы” ЗТБ “Экономикалық зерттеулер институты”АҚ Қазақстанның ұлттық байланыс орталығы Хатшылығы өкілдерінің қатысуымен өңірлік өкілдермен апта сайынғы отырыс өткізді. Қатысушылар экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын тәжірибеде қолдану мәселелерін талқылады.
Отырыста бизнесті жауапты жүргізу — бұл адам құқықтарын құрметтеу, экологиялық тұрақтылықты сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты стандарттар мен қағидаттарға сәйкестікті қоса алғанда, компаниялар мен кәсіпорындардан күтілетін этикалық мінез-құлық екендігі атап өтілді.
Қазақстанның ұлттық байланыс орталығы Хатшылығының өкілдері ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі басшылық қағидаттары көпұлтты кәсіпорындар үшін әзірленгенін, бірақ ШОБ-қа қатысты біртіндеп енгізіліп жатқанын атап өтті. Олар сондай-ақ салық салу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, бәсекеге қабілеттілікті дамыту мәселелерін қамтиды. Олардың негізгі мақсаты-кәсіпорындардың жалпы қоғамның дамуына қосқан оң үлесін бақылау және ынталандыру.
Қазақстанның байланыс орталығының хатшысы Марат Наурызовтың айтуынша, ЭЫДҰ қағидаттарын сақтау бизнес үшін бірқатар артықшылықтар береді. Негізгі ынталандырулардың бірі-мемлекеттен жеңілдіктер алу мүмкіндігі: салық шегерімдері, гранттар, мемлекеттік сатып алуға қатысу кезіндегі преференциялар, экспорттық субсидиялар және т.б.
Отырыс соңында машина жасау компанияларының өкілдері ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі қағидаттарын егжей-тегжейлі қарауға ниет білдірді.