Машина жасау саласында жыл соңына дейін 29 жобаны іске асыру жоспарлануда
2023 жылы отандық машина жасауда жалпы құны 224 млрд теңге болатын 29 жобаны іске асыру күтілуде. Бұл шамамен 3900 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Саланың НКИ 128,8% құрады.
Қазіргі уақытта 6 264 млн теңгеге екі жоба іске асырылып, 200 жұмыс орны құрылды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында мобильді бұрғылау қондырғыларын (100 жұмыс орны) өндіру бойынша “Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты” ЖШС және Қостанай облысында Jetour автомобильдерін өндіру бойынша “СарыарқаАвтоПром” (100 жұмыс орны) іске қосылды.
2023 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде машина жасау саласының өндіріс көлемі ақшалай мәнде, 2022 жылғы қаңтар-маусымдағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 37,9% өсіп, 1 865 млрд теңгені құрады.
2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда автомобиль жасау секторы 65,7% ауыл шаруашылығы техникасы – 63,6% , мұнай – газ машина жасау секторы – 36,3% тау-кен машина жасау секторы – 35,2% ұлғайды, теміржол машина жасау секторында – 19,2% , электротехникалық машина жасау секторы бойынша 14,3% ұлғайды.
2023 жылғы қаңтар-мамырда 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда машина жасау өндірісінің долларлық баламадағы көлемі 38% ұлғайды. Сонымен бірге ОТП үлесі де 7 тармаққа төмендеді.
Сондай-ақ, өнім импортының 62,8% артуы байқалады, бұл ретте ішкі нарықтағы импорт үлесі 87% тең.
Машина жасау саласының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2023 жылғы қаңтар-маусымда 23 809 млн теңгені құрап, 2022 жылғы деңгейдің ұқсас кезеңіне (35 237 млн теңге) қатысты 32% қысқарды. Төмендеудің негізгі себебі электр жабдықтарын өндіруге инвестициялардың 86%, автомобильдер мен жартылай тіркемелерге – 47% , машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату секторында – 22% қысқаруы болып табылады. Инвестициялардың өсуі басқа көлік құралдарын – 9 есе, компьютерлерді, электрондық және оптикалық жабдықтарды өндіруде – 16 есе байқалады.
Дереккөз: https://qazindustry.gov.kz/kk/article/2674-29-proektov-zaplanirovano-realizovat-v-etom-godu-v-otrasli-mashinostroeniya