Отандық машина жасау саласының өндіріс көлемі 14,2 %-ке өсті

Салалық министрлік ұсынған деректерге қарасақ, еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі Mechanical engineering, яғни машина құрастыру шаруашылығы екен. Индустрияландыру жылдарында жүздеген жоба жүзеге асыпты. Өндіріс көлемі де бірнеше рет артқан. Қазір тіпті сырттан келетін көліктерге қарағанда, отандық өнімнің сатылу деңгейі өсіпті. Биыл күзде қазақстандық көлік құрастыру кәсіпорындары өзіндік рекорд орнатты. Олардың жалпы үлесі елу проценттен асқан.

 

Источник: https://24.kz