«Kazakhstan Machinery Fair 2024» – Қазақстан мен Орталық Азияның машина жасаушыларына арналған басты оқиға

Астана, Қазақстан — Kazakhstan Machinery Fair, машина жасау саласындағы жетекші оқиға 2024 жылғы 24 – 26 сәуір аралығында «EXPO» ХКО-ға қайтып оралады.

Kazakhstan Machinery Fair – бұл машина жасау және металл өңдеу саласындағы негізгі ойыншылар мен сарапшыларды біріктіретін мамандандырылған көрме. Көрме тәжірибе алмасу, серіктестік келісімдер жасасу және осы саладағы озық шешімдерді ілгерілету үшін бірегей тұғырнаманы ұсынады.

Көрмеге 300-ден астам қазақстандық және шетелдік компания қатысады, олар машина жасау мен металл өңдеуге арналған ең жаңа жабдықтар мен технологияларды, сондай-ақ отандық және шетелдік өндірушілердің дайын өнімдерін ұсынады.

Көрменің негізгі тақырыптық бөлімдері:

  • Машина жасау кәсіпорындарының өнімдері
  • Металл өңдеуге арналған білдектер мен жабдықтар
  • Пісіру жабдықтары мен материалдары
  • Робот техникасы және автоматтандыру, инжиниринг
  • Аддитивті технология. Өнеркәсіптік 3D басып шығару
  • Технологиялық жабдықтарды жөндеу және жаңғырту
  • Кәсіптік оқыту және біліктілікті арттыру

Көрменің іскерлік бөлігінің басты оқиғасы машина жасау саласының өзекті мәселелерін жүйелі шешу үшін басты диалог алаңы болып табылатын Қазақстан машина жасаушыларының XII форумы болмақ. Жетекші өнеркәсіптік ойыншы компаниялар, салалық қауымдастықтар және бейінді мемлекеттік институттар басшыларының қатысуымен панельдік пікір алмасуларды, салалық конференциялар мен дөңгелек үстелдерді қоса алғанда, іскерлік бағдарламаның аясында барлығы 30-дан астам іс-шара өтеді. Пікір алмасудың өзегі – машина жасау саласын дамытудың, өндірісті роботтандыру мен автоматтандырудың, мемлекеттік қолдау шараларының өзекті мәселелері, жаһандық трендтер мен халықаралық кооперация.

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар одағы және «Astana Expo» көрме компаниясы іс-шараны ұйымдастырушылар болып табылады.

Kazakhstan Machinery Fair көрмесіне қатысу – бұл Қазақстан мен Орталық Азияның перспективалы нарығындағы өзінің қатысуын кеңейтудің, брендтің танымалдығын жақсартудың, жаңа клиенттерді тарту мен сатылымдар көлемін ұлғайтудың тамаша мүмкіндігі.

Көрме туралы толығырақ ақпаратты www.kmfexpo.kz  сайтында білуге болады.

Көрмеге қатысу мәселелері бойынша хабарласыңыз:

Нұржан Төремұратов
Жобаның жетекшісі
Т: +7 7172 64 23 23 (ішкі 230)
М: +7 701 532 91 90
E: nt@astana-expo.com
 

Маркетинг және PR

Айгерим Мендибаева

Т: +7 7172 64 23 23(ішкі 203)

М: +7 747 014 26 08

E: ns@astana-expo.com

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.