«Инвестор мектебі» онлайн оқыту курсы өз жұмысын бастайды
2020 жылдың 25 мамырында Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі Startup Monthly Ventures еншілес қорының басқарушы серіктесі Юрий Рабиновичтің (Кремний алқабы) қатысуымен «Инвестор мектебі» атты алғашқы онлайн оқыту курсын бастайды.
Юрий Рабинович – Кремний алқабының Startup Monthly Ventures акселераторының бас директоры, ол технологиялық компанияларға инвестиция салу және тәуекелдерді бағалау туралы айтып береді.
Онлайн мектептің басқа спикерлері мен шақырылған қонақтарының арасында – танымал қазақстандық кәсіпкер, венчурлік инвестор және бизнес-періште Мұрат Әбдірахманов, Qazaqtech Ventures директорлар кеңесінің төрағасы Әділ Нұрғожин, YPO бизнес-көшбасшылары қауымдастығының мүшесі, Leta Capital еншілес қорының басқарушы директоры Александр Чачава және Dogovor24 негізін қалаушы Елена Седых, SmartHub венчурлік қорының басқарушы серіктесі Богдан Яровой, Genezis Technology Capital венчурлік қорының басқарушы серіктесі Максим Шеховцов және Terra VC венчурлік қорының серіктесі Данила Шапошников.
Astana Hub баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша, Инвестор мектебінің Қазақстандағы алғашқы онлайн курсы биылғы жылдың 25-29 мамыр аралығында Zoom платформасында өтеді.
Инвестор мектебі – бұл венчурлік инвестициялау бойынша қарқынды онлайн курс. Оқыту курсының бағдарламасы венчурлік инвестициялар және инвестициялық қоржынды қалыптастыру туралы теориялық дәрістер мен практикалық білімдерді, сонымен қатар стартаптарды бағалау құралдарын және инвестициялау стратегиясын қамтиды.
Оқу бес күн, екі академиялық сағаттан өтеді.
Онлайн мектептің сәтті аяқталуы еншілес инвестициялар нарығында табыс табуға мүмкіндік береді, сондай-ақ қандай компанияларға инвестиция салу тиімділігін үйретеді.
Инвестор мектебіне қатысу тегін.
Қатысушылар үшін маңызды шарт – меншікті капиталы болуы және венчурлік инвестициялау саласында жаңа білім алуға ынтасы керек.
Жобаға қатысу үшін өтінімді Astana Hub сайтында https://investschool.astanahub.com/ сілтемесі арқылы беруге болады.