Еліміз көлік өндірісі бойынша түзілген жоспарды мерзімінен бұрын орындады
Еліміз көлік өндірісі бойынша түзілген жоспарды мерзімінен бұрын орындады. Яғни, биылғы жылдың соңына дейін жол картасы бойынша машина құрастыру бағытында 1 трлн теңгеден 2,6 трлн теңгеге жеткізу көзделген болатын. Бірақ, былтыр өндірістің ауқымы 3,1 трлн теңгеден асып кеткен. Демек, соңғы 4 жылда машина жасау ісіндегі өнім 3 есеге артқан.
Елдегі өндіріліп жатқан шикізат қорын пайдалана отырып, жаңа өндіріс орындарын құру керек. Бұл экономикалық қауіпсіздігімізді нығайтуға ықпал етеді. Мемлекет басшысы Егемен қазақстан газетіне берген сұхбатында осы мәселені көтерді. Шикізат көздерінен ресурстық қор құрып, өндірісті өркендету қажет.
Мәселен, Қостанайдағы машина жасау зауытында қазір үш мыңнан аса адам еңбек етеді. Жұмысшылар ішінде жас мамандар көп. Солардың бірі Бақыткелді Ермұханбетов. Оның осы жерде еңбек етіп жатқанына жылдан асты.
Бақыткелді Ермұханбетов, жұмысшы:
Басында үш айдай панелде істедім. Қазір есік құрастырамын. Қатты ұнайды өзіме. Осы уақыт ішінде бригадирлікке көтерілдім. Жұмысым ұнайды. Киім таза, түскі ас тегін, автобус тегін.
Бүгінде бұл кәсіпорын ұсақ бөлшектерден құрастырып, әлемге танымал брендтердің бірнеше түрін шығарады. 2022-ші жылы желіден 70 мың көлік шығарылса, былтыр бұл көрсеткіш 90 мыңға жетті. Ал биылғы меже – зауытта жасалатын көліктің санын 110 мыңға жеткізу.
Әділ Шәйкемелов, оқшаулау орталығының басшысы:
Зауытымызда жаңа екі бренд, Jetour және Skoda брендтері кіріп жатыр. 2024-ші жылдан бастап осы екі брендтің, әрі қарай ұлғаюы, ұсақ түйінді құрылымды меңгеруі жайында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.
Өндіріс саласын дамыту – мемлекет назарында. Үкімет мәліметіне сүйенсек, осы салаға 600 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысы бөлінген. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын қабылдады.
Мейрам Пішембаев, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы:
Оның мақсаты – өндіріс саласын 1 трлн теңгеден 2019-шы жылғы, 2024 жылдың аяғына дейін 2,6 трлнға жеткізу. Бес жылдық бағдарлдама үш жылда орындалды. 2022 жылдың қортындысымен 3,1 трлн теңгеге тауар өндірілді.
Бүгінгі таңда машина жасау инвестициялық тартымдылық бойынша көшбасшы үштіктің бірі. Шетелдік әріптестермен бірлескен жобалардың саны жыл сайын артып келеді.
Мейрам Пішембаев, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы:
Сала одан әрі серпін алу үшін президент үкіметке жаңа міндет жүктеді. Машина жасау бойынша 2024-2008 жылдарға арналған кешенді жоспары түзілуі тиіс.
Дәуренбек Әбдібек
Источник: https://qazaqstan.tv/news/187363/