«Бемер Арматура» зауыты алғашқы мерейтойын атап өтті

«Бемер Арматура» ЖШС-де зауыттың 10 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев құттықтау хат жолдап, зауыт ұжымына кәсіби табыс, өркендеу мен жаңа жеңістер тіледі.

«Бұл жылдар кәсіпорынды салада жетекші орынға шығарған қажырлы еңбек, инновациялар мен жетістіктердің уақыты болды. Компанияның табысы-әрбір зауыт қызметкерінің үйлесімді жұмысының, кәсібилігі мен адалдығының нәтижесі», – делінген хатта.

М. Пішембаев “Бемер Арматура” Қазақстанда неміс технологияларын табысты бейімдеудің үлгісі бола отырып, еліміздің машина жасау саласының дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Мерекелік іс-шарада сөз сөйлеген «Бемер Арматура» ЖШС директоры Андреас Кефер соңғы жылдарында зауыт өзінің өз замаңындағы Қарағанды өңірінің ажырамас бөлігіне және бизнес пен мемлекеттің табысты ынтымақтастығының үлгісіне айналғанын атап өтті.

«Біз мұнда қатысқан әрбір адамға кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтқымыз келеді. Әрқайсыңыздың қолдауыңыз бен күш-жігеріңіздің арқасында зауыт жүйелі түрде дамып келеді, жылдан жылға сапалы өнім шығаруды жалғастыра отырып, өз өндірісін ұлғайтуда. Біз өз жетістіктерімізді мақтан тұтамыз және командамыздың бұдан да көп нәрсеге қабілетті екеніне сенімдіміз», – деді Андреас Кефер, зауыттың маңызды серіктестерінің бірі отандық машина жасау кәсіпорындарын біріктіретін Қазақстан машина жасаушылар Одағы екенін атап өтті.

Өз кезегінде «Қазақстан машина жасаушылар Одағы» Басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов зауыттың Қазақстан машина жасаушылар Одағы жұмысында белсенді рөл атқаратынын атап өтті.

«Біз мұнда қатысқан әрбір адамға кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтқымыз келеді. Әрқайсыңыздың қолдауыңыз бен күш-жігеріңіздің арқасында зауыт жүйелі түрде дамып келеді, жылдан жылға сапалы өнім шығаруды жалғастыра отырып, өз өндірісін ұлғайтуда. Біз өз жетістіктерімізді мақтан тұтамыз және командамыздың бұдан да көп нәрсеге қабілетті екеніне сенімдіміз», – деді Андреас Кефер, зауыттың маңызды серіктестерінің бірі отандық машина жасау кәсіпорындарын біріктіретін Қазақстан машина жасаушылар Одағы екенін атап өтті.

Қазақстанның машина жасаушылар одағы озық технологияларды енгізіп, сапа стандарттарын арттыра отырып, зауыт алдағы уақытта да салада көшбасшы болатынына сенім білдіреді.

Анықтама: «Бемер Арматура» ЖШС — гі шарлы бекіту арматурасын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы – “Böhmer GmbH” компаниясы салған, ол өз өнімдерін өнеркәсіптің барлық салалары үшін әлемнің 45 еліне жеткізетін неміс отбасылық кәсіпорны болып табылады. 2014 жылғы 2 шілдесінде телекөпір барысында зауыт іске қосылған болатын.

Зауыт Еуропалық өндірістің ең жаңа жабдықтарымен жабдықталған, онда Германияда жұмыс істеп тұрған өндірістерде оқудан өткен жоғары білікті кадрлар жұмыс істейді. Дәнекерленген корпусы бар шар клапандары қолданыстағы ұлттық және халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді.

8500 м2-ден астам аумақта ең экстремалды жағдайларда пайдалануға арналған диаметрлердің, қысымның және температураның кең диапазонындағы шар клапандары жасалады.

Зауыт штаты Қазақстан бойынша 25 адамды өткізу қызметін есептемегенде 50 адамды құрайды.

Кәсіпорын түрлі инженерлік және машина жасау одақтарының, соның ішінде СМЖ-ның қатысушысы болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.