АСТАНАДА МАШИНА ЖАСАУШЫЛАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Форумның бірінші күнінде секциялық отырыстар өткізілді, екінші күн кеңейтілген пленарлық отырысқа арналады. Секциялық отырыстар барысында қатысушылармен отандық машина жасаудың одан әрі дамуы, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және баға құрудың әлемдік тізбегіне тізілу бойынша практикалық ұсыныстар әзірленетін болады. Кеңейтілген пленарлық отырыста күні бойы саланы дамытудың ең маңызды және өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Форумға 20-дан астам мемлекеттен 1000 делегат, оның ішінде жетекші отандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшылары, квазимемлекеттік сектор, даму институттары, бизнес қауымдастықтар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысты. Форум қорытындысы бойынша, 2019-2030 жылдарға арналған Қазақстан машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарының жобасы ұсынылатын болады, ол орта мерзімді кезеңде саланы дамытудың стратегиялық көрінісі болады.

Қайнар көз: parlam.kz