Алматы ауыр машина жасау зауыты жаңа өндірістік алаңға көшеді
Қазақстан машина жасаушылар Одағы Алматы ауыр машина жасау зауыты жаңа өндірістік алаңға көшетіні туралы хабарлайды.
“Алматы ауыр машина жасау зауыты” АҚ (ААМЖЗ) елдегі экспортқа бағдарланған ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі болып табылады. Өнімдер ел ішінде де, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие.
ААМЖЗ – ның таяу уақыттағы негізгі міндеті – металлургиялық, тау-кен шахталық, мұнай-газ, энергетикалық жабдықтардың үлкен спектрін игеру және зауыттың экспорттық әлеуетін едәуір ұлғайту.
ААМЖЗ – ның қазіргі аумақтық орналасуы жағдайында зауыттың белгіленген жоспарларын толық көлемде іске асыру мүмкін болмады.
Осыған байланысты, Қазақстан машина жасаушылар Одағы басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев ҚР Үкіметі алдында зауытты Алматы орталығынан тыс жерге көшіру туралы мәселені бірнеше рет көтерді.
Бұл мәселені Одақ Машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде қолға алды.
ААМЖЗ көшіру бойынша жобаны сәтті іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, өнім өндіру көлемін 30-40% – ға және өнім экспорты көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бұл шешім отандық машина жасау саласының негізгі жүйелі мәселелерінің бірі – елдің оңтүстігінде базалық дайындамалардың өңірлік өндірісін құруды реттеуге көмектеседі.