Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 115-Р өкімімен Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.
Жол картасын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан машина жасаушылар одағымен бірлесіп әзірледі.
Бұл құжат орта мерзімді перспективада машина жасау саласын дамытудың стратегиялық болжамы болып табылады.
Бұл жөнінде толығырақ Қазақстан машина жасаушылар Одағының атқарушы дирекциясы директорының орынбасары – Диханбаев Дәулет баяндайды.