“Гидроприбор” ҒЗИ АҚ

“Гидроприбор” ҒЗИ АҚ Орал қаласында 1972 жылы К. Е. Ворошилов атындағы машина жасау зауытының СКБ базасында, “Гидроприбор” Ленинград ЦНИИ филиалы ретінде авариялық-құтқару және арнайы суасты-техникалық жұмыстарды жүргізу кезінде су астында қолданылатын робототехникалық құралдарды зерттеу, әзірлеу және өндіру үшін құрылды.

Қазіргі уақытта институт Қазақстан машина жасаушылар Одағының мүшесі болып табылады.
“Гидроприбор” АҚ
  • жобалық және зерттеу бөлімшелері;
  • зертханалық-сынау кешені; тәжірибелік өндіріс;
  • сапаны бақылау қызметі;
  • ғылыми-техникалық ақпарат және стандарттау қызметі;
  • сервистік қызметтер жұмыстары бойынша қызмет көрсетеді.
 
Кәсіпорын Орал қаласының орталығында орналасқан, көлемі 1,8 га.
Мекен – жайы: Орал қаласы, 8 Март көшесі, 109.
Тел. / факс: 8 (7112) 51-38-11