Өскеменде 90 жасында темір жоныған қария марапатталды
Өскеменде тоқсан жасында темір жонып, станок қасында еңбек етіп жүрген қария тек қозғалыс қана адамды аурудан құтқарады деп санайды. Қаладағы темір өнімдерін шығаратын зауыттың ең қарт жұмысшысы Петр Шинкарев – бүгінде өз ұжымындағы сыйлы маман. Жасына қарамастан өндірісті өлкенің дамуына елеулі үлес қосып жүрген қария қандай болсын құрметке лайық. Сондықтан «Қазақстан машина жасаушылар одағы» Петр Павловичтің кеудесіне «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісін тақты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Дереккөз https://24.kz