Өнеркәсіптік әлеует, инвестициялар және жол инфрақұрылымын жаңғырту: Р. Скляр Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар туралы баяндады

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың нақты секторын дамыту бойынша өзекті мәселелердің аясын айқындап берді.

Өнеркәсіп саласын одан әрі дамыту үшін металлургия, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы, машина жасау, химия салаларындағы 17 серпінді жобаның тізбесі бекітілді.

Инвестициялық штаб шеңберінде мониторингі жүзеге асырылатын әрбір жобаны іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жоспарлар бекітілді.

«Автомобиль жасау қарқынды түрде дамып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 30%-ға өсті. Алдағы жылда жалпы өндіріс көлемі 160 мың бірлікті құрайтын екі ірі жобаны пайдалануға беру жоспарлануда», — деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін автокөлік компоненттерін өндіру бойынша 10 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша бүгінгі таңда қуат нарығы есебінен қайтаруды қамтамасыз ете отырып, генерация секторына инвестициялар тарту тетіктері бар. Бұдан басқа, өндіруші қуаттардың тозуын төмендету «тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде қол жеткізілетін болады.

Бұл ретте жаңа жобалар бойынша несиелеу механизмі Өнеркәсіпті дамыту қоры және өзге де қаржы институттарын арқылы пысықталады.

Сондай-ақ Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы шағын әуе кемелерін сатып алу мәселесі пысықталатын болады. Тапсырмаға сәйкес, жұмыс барысын мониторингілеу үшін Е-Joldar бірыңғай цифрлық платформасын іске қосу арқылы автожолдарды орташа жөндеу тәжірибесі 10 мың шақырымға дейін таралатын болады.

Сонымен қатар Инвестициялық штабтың жұмысы ерекше бақылауда. Жалпы сомасы шамамен $30 млрд болатын 73 инвестициялық жобалар қаралды.

Р. Склярдың айтуынша, жобалар санын көбейту және оларды сүйемелдеу үшін мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді үйлестіру бойынша тиісті жұмыс күшейтілетін болады. Ол үшін «инвестицияға тапсырыс» механизмі әзірленді, онда әкімдіктер өңірлердің ерекшелігі мен артықшылықтарын ескере отырып бастама жасайды.

«Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада жүргізілетін болады, онда 746 жоба тіркелді, инвестициялардың жалпы сомасы шамамен $68 млрд құрайды», — деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Бұған қоса, Ұлттық жасанды интеллект орталығын құру үшін оның мазмұнын толықтыру пысықталуда. Бұл ретте экономиканың барлық салалары мен «электрондық үкімет» үшін жасанды интеллект саласында өнімдер әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Каспий түбінде талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысын бастау үшін дайындық жұмыстары аяқталды. Оны 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.