ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРІ ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРЫ «ПОДОЛЬСК МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ» АҚ-МЕН КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Отандық өндірушілердің санатына саланың алыптары «Maker(Мэйкер)» ЖШС, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ және «Казэнергомаш корпорациясы» ЖШС келісім жасасты.

Қол қою  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ғимаратында өтті, оған ИИДМ басшысы Роман Скляр, министрлік пен Қазақстан машина жасаушылар Одағы өкілдері, Подольск машина жасау зауытының басқарма төрағасы Алексей Рубцов, қол қоюшы кәсіпорын басшылары қатысты.

«Мен бүгінгі іс-шара интеграциялау процесін нығайтуға өз үлесін қосатынына және екі елдің өнеркәсіптік кәсіпорындары арасындағы байланыстарды тереңдетуге ықпал ететініне шын жүректен қуаныштымын. Бүгінде машина жасау кешені – Қазақстан экономикасының өсу драйверінің бірі екеніне назар аударғым келеді. «Подольск машина жасау зауыты» АҚ ресейлік компаниясы мен қазақстандық кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперация туралы келісімдерге қол қою болашақта ғасырлық тарихы бар Ресейдің энергетикалық машина жасайтын жетекші компаниясы энергетикалық жабдықтар өндірісін оқшаулауға мүмкіндік береді. Подольск машина жасау зауытымен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату мақсатында қазақстандық кәсіпорындарға іріктеу мен аудит жүргізгені үшін алғыс айтқым келеді», – деді Роман Скляр өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан машина жасаушылар Одағы қызметінің басым бағыттарының бірі –  халықаралық кооперациялық байланыстарды орнату.

Министрдің айтуынша, екі ел кәсіпорындарының мұндай тығыз ынтымақтастығы «Подольск машина жасау зауытының» бай халықаралық тәжірибесіне негізделе отырып, отандық және шетелдік электр станцияларын энергетикалық жабдықтармен қамтамасыз етеді.

Қол қойылған келісімдер екі елдің кәсіпорындарына Ресей Федерациясы, ҚР және басқа да елдердің аумағында генерациялаудың, жаңғыртудың және жұмыс істеп тұрған объектілерді қайта жаңартудың жаңа объектілерін салудың бірлескен жобаларына қатысу, Жылу энергетикасы сегменттеріндегі жабдықтар мен жинақтаушы қосалқы бөлшектерді жеткізу, тәжірибе алмасу, энергетикалық және өзге де машина жасау жабдықтарын өндіру, бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және т. б. жүзеге асыру бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, кездесу Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мерейтойлық саммитін өткізу аясында, сондай-ақ ЕАЭО құру туралы шарттың 5-жылдығын және Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Еуразиялық интеграциялық бірлестік құру туралы идеяның 25-жылдығы сияқты айтулы оқиғалар қарсаңында өтті.