Қазақстандық-Аустриялық Іскерлік кеңес-2018

Қазақстан мен Аустрия сенімді және келешегі бар экономикалық серіктестер болып табылады. Бұл тезис Венада 27-28 қыркүйекте өткен екі елдің іскерлік топ өкілдерінің кездесуі барысында бірнеше рет айтылды, деп http://www.mfa.kz харбарлайды.

Бизнес топтарының өзара әрекеттестікті үйлестіру және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды құралы президенттер Н.Назарбаев және Х.Фишер бастамаларымен  2012 жылы құрылған Қазақстандық-Аустриялық Іскерлік кеңес болып табылады. Оның отырыстары барысында екі ел арасында экономикалық байланыстардың өзекті жағдайы мен даму сауалдары талқыға салынады. Оның құрылу сәтінен оның қосарлас төрағалары Қазақстанның Машина жасаушылар одағының Төрағасы М.Пшембаев және Аустрияның Экономикалық палатаның Вице-президенті Р.Шенц болып табылады.

Венада 27 қыркүйекте өткен Қазақстандық-Аустриялық іскерлік кеңесінің 6-шы отырысының негізгі тақырыптары: машина жасау,  тау-кен өнеркәсібі, «жасыл технологиялар», сандық жүйеге көшіру салаларында өзара әрекеттестік. Қатысушылар оның қызметінің негізін машина жасау саласында серіктестігі құрайтынын атап өтті. Осының барысында Қазақстанда және Аустрияда өткен екіжақты форумдарда осы сала өкілдерінің өзара қатысушыларының тәжірибесі оңды бағаланды. Атап айтқанда, аустриялық өкілдер Астанада 20-21 қыркүйекте өткен Қазақстанның Машина жасаушылар Одағының 6-шы Форумда белсенді қатысты.

Қазақстандық тараптан ҚР алдыңғы қатарлы  аустриялық технологияларды, әсіресе жаңғыртылатын және энергия үнемдеуші, қатыстырудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді. Аустриялық тараптан Аустрияда, атап айтқанда Венаның Техникалық университетінде машина жасау және металлургия саласында қазақстандық мамандарды дайындауда қолғабыс ету дайындығы туралы айтылды.

Отырыс барысында Астанадағы Іскерлік кеңесінің кезекті отырысын, экономикалық делегациялардың өзара сапарларды, бизнес-форумдарды өткізуді қоса, 2019 жылға жұмыс жоспарлары келісілді.

Ауқымды мәнмәтінде екіжақты экономикалық байланыстардың даму келешектері екі елдің фирмалары мен компаниялар өкілдерінің қатысуымен 28 қыркүйекте өткен Қазақстандық-Аустриялық Экономикалық форумда талқыға салынды. Атап айтқанда, қазақстандық тарапты «Қазақстанның машина жасаушыларының одағы» ЗТБ, «ҚазақИнвест» ҰҚ, «Байтерек» АҚ, «Зерде» АҚ, «Қазақстан автоматтандыру және роботтық техника қауымдастығы» АҚ ірі компаниялар мен акционерлік қоғамдар танытты.

Қазақстанмен серіктес болудың қызығушылықтың көрсеткіші форумда 60 астам аустриялық фирмалардың қатысуы болып табылады. Оның ашылуына қатысқан Аустрияның Экономикалық палатаның Вице-президенті Р.Шенц Қазақстан аймақтағы Аустрияның басым серіктесі болып табылатыны туралы және аустриялық фирмалардың еліміздің экономикасына қаржы салуға дайындығы туралы айрықша баса айтты.

Өз кезегінде Қазақстанның Машина жасаушылар одағының Төрағасы М.Пшембаев екіжақты экономикалық серіктестіктің жақсы деңгейін атап өтті, оның  көрсеткіші ҚР нарығында 200 жуық аустриялық компаниялардың қызметі болып табылады, олардың арасында OMV, Kapsch, Borealis, Andritz Hydro, Herz Armaturen, Christoph Group және т.б. компаниялар бар.

Осы мәнмәтінде форумда ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Агенттіктің Төрағасы А. Шпекбаевтың сөз сөйлеуі қатысушылар арасында қызығушылықты оятты, ол өзінің сөзінде Қазақстанның Үкіметі инвесторлар үшін тартымды шарттарды жасау бойынша шаралардың қолданатыны туралы, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тәжірибелік адымдар туралы айтты.

Форумның аустриялық қатысушылары өздерінің сөздерінде Қазақстанның инвестициялық ахуалы жайында, сонымен қатар бизнесті жүргізу үшін Үкімет жасаған шекті шарттарына оңды бағаларын берді. Бұлардың барлығы ҚР аустриялық компаниялардың қатысуын кеңейту үшін ынталандырма болып табылады.

Қаржы салушылық және іскерлік серіктестікті одан әрі ынталандыру мақсатымен «Қазақ Инвест» АҚ Аустрияда Қазақстандық-Аустриялық қоғамының Бас хатшысы ретінде  Ф.Фельнер мырзаны Аустрияда өзінің арнайы өкілін  тағайындау туралы ақпарат зор ынтамен қабылданды.

Форум аясында өткен таныстырылымдар мен екіжақты кездесу барысында оның қатысушылары екі елдің нарықтарында қызметтерінің шарттары, сауда-экономикалық өзара әрекет етудің келешектері туралы қосымша ақпаратты алды, фирмалар арасында тікелей байланысты орналастыруға және нақты жобаларды талқылауға мүмкіндікке ие болды.

Анықтама: Қазақстандық-аустриялық іскерлік кеңес 2012 жылдан бастап жыл сайын аустриялық және қазақстандық компаниялардың тиімді іскерлік қатынастарына кедергі болатын сауалдарды шешу және елдер арасында бизнес серіктестікті жақсарту мақсатымен жүрзігіледі.

ҚР Машина жасаушылар одағы 200 астам кәсіпорындарды біріктіреді және бүкіл Қазақстан бойынша 14 аумақтық өкілдіктері бар. Оның мақсаттары – отандық машина жасау саласын дамыту және отандық машина жасау кәсіпорындарын шоғырландыру.