Қазақстанда жаңа несие бағдарламасын енгізу жоспарлануда
Министрліктің мәліметінше, жобаның мемлекеттік инвестициялық ұсынысы әзірленді. Оған сәйкес “Бәйтерек” және Қазақстанның даму банкі арқылы өнеркәсіпті дамыту қорының жарғылық капиталы ұлғайтылатын болады. Соңғысы, өз кезегінде, машина жасау саласындағы жобаларды қаржыландырады, деп хабарлайды lsm.kz.
Осы бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі 9%-ға, мерзімі- 10 жылға дейін, ал аванстық төлемі-кемінде 15%-ға тең болады.
Қаржыландыру көздері ретінде республикалық бюджеттен 50 млрд теңге (70%) және нарықтық жағдайларда тартылған өзге де қаражаттың 21,4 млрд теңгесі (30%) қарастырылған.
“Бүгінгі таңда Ұлттық экономика министрлігінің оң экономикалық қорытындысы алынды. Бюджет қаражатын бөлу мәселесі заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджет комиссиясының кезекті отырысында қаралатын болады”, – деп хабарлады министрлікте.