Қазақстанда машина жасаушылардың форумы өтеді

20-21 қыркүйекте Астанадағы EXPO Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы басталады.

Форум ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар Одағы, ҚР Үкіметі және “Атамекен” ҚР ҰКП қолдауымен өтеді.
Форумға әлемнің 20 мемлекетінен мыңнан астам делегат қатысады. Шарада 2019-2030 жылдарға арналған Қазақстан машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарының жобасы ұсынылады.

2017 жылы машина жасау өндірісінің жалпы көлемі 913 868 миллион теңгені құраған.

Қайнар көз: qazaly.kz