Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытудың Жол картасы бекітілді
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 115-Р бұйрығымен 2019-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытудың Жол картасы бекітілді.
Жол картасын Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылым дамуы министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар Одағымен бірлесіп әзірленген болатын.
Бұл құжат орта мерзімді перспективада машина жасау саласын дамытудың стратегиялық көзқарасы болып табылады.
Құжаттың негізгі мақсаты отандық машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу және саланың экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады.
Жол картасы отандық кәсіпорындардың шикізатпен қамтамасыз етілуіне, сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға, техникалық реттеу шараларын жетілдіруге және экономикалық ынталандыруды енгізуге бағытталған шараларды қамтитын қолдау шараларының кешенді пакеті көзделген.