Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы
Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы
2018 жылдың 20-21 қыркүйегінде Астана қаласының EXPO Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы өз жұмысын бастайды.
Форумды Қазақстан Республикасы Үкіметі және Бас серіктес «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар Одағы ұйымдастырады.
Форум қорытындысы бойынша, 2019-2030 жылдарға арналған Қазақстан машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарының жобасы ұсынылатын болады, ол орта мерзімді кезеңде саланы дамытудың стратегиялық көрінісі болады.