Қазақстан машина жасаушылар Одағында Price.kmg.kz жаңа портал жұмысы туралы айтылды 

2021 жылғы 15 сәуірде Одақтың Өңірлік өкілдерімен 15-отырыс өтті.
Күн тәртібінде “ҚазМұнайГаз “ҰК”АҚ-дағы тауарлар бағаларын маркетингтік талдаудың мамандандырылған веб-порталы туралы мәселе талқыланды.
Кеңес модераторы – У. К. Ержанов, Одақ директоры қатысушыларды отырыс тақырыбымен таныстырып, шақырылған спикерді таныстырды.
“ҚазМұнайГаз “ҰК” АҚ спикері: сатып алу және жабдықтау департаментінің баға маркетингі секторының бас маманы – Меткерим Әнуар Серікұлы.
Кездесу барысында спикер қатысушыларға “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ баға маркетингі бойынша Price.kmg.kz мамандандырылған веб-портал жұмысын егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ отандық тауар өндірушілер өкілдерінің барлық сұрақтарына толық жауап берді.

Порталдың негізгі міндеті – баға маркетингін жүргізу процесін автоматтандыру, сондай-ақ ҚМГ компаниялар тобының бюджеттерінде сатып алу бағаларын өзектендіру.
Ануар Меткерімнің айтуынша, Price.kmg.kz порталы барлық әлеуетті жеткізушілерге тең жағдай жасайды.
“Аталған порталды енгізу ҚМГ компаниялар тобының әлеуетті өнім берушілер үшін коммерциялық ұсыныстарды одан әрі жинау және оларды порталда қарау үшін ашық қолжетімділікке қажеттілігін жариялау жолымен бағалардың маркетингтік талдауын автоматтандырылған режимде орталықтандырылған түрде жүргізуге мүмкіндік береді”, – деп атап өтті ол.

Отырысқа қатысушылар егжей-тегжейлі презентациямен танысып, Price.kmg.kz жұмысы бойынша ұсыныстармен алмасты.
Отырыс соңында тараптар Одақтың алдағы отырыстарында өңірлік өкілдермен осындай түсіндіру кездесулерін өткізуге келісім білдірді.
Қазақстанның машина жасаушылар Одағы “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ-на отырыс жұмысына қатысқаны және өнімді жұмыс атмосферасы үшін алғыс білдіреді.