“Қазақстан машина жасаушылар одағы” басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаев II дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің Жарлығына сәйкес азаматтарға берілген мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды primeminister.kz..
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік қызметшілер марапатталды.
II дәрежелі «Барыс» орденін Қазақстан Машина жасаушылары одағының басқарма төрағасы М. Пішембаев, III дәрежелі «Барыс» орденіне – ҚР Үкіметінің Парламенттегі өкілі Е. Аманшаев иеленді.
«Парасат» ордені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Т. Оспанқұловқа, Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы М. Теміржановқа, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қ. Исқазиевке табысталды.
«Құрмет» орденімен Үкімет Аппараты басшысының орынбасары Э. Толғанбаев, оқу-ағарту бірінші вице-министрі Н. Жумадильдаева, экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиев, су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Б. Бекнияз, энергетика вице-министрі Е. Ақкенженов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы К. Сейітова, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары В. Сон, Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Т. Абдуллин, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Т. Турлов, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Р. Әбдіқалықов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарушы директоры Ж. Өмірбеков, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары М. Ихсанов, Үкімет Аппараты бөлім меңгерушісінің орынбасары З. Хамитова, Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары А. Құлтуманова, Үкімет Аппаратының өңірлік инспекторы Қ. Қалыбеков, Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары И. Рожков, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аппарат басшысы С. Кеулімжаев, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Б. Әбішева, «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ» Ұлытау облысы бойынша филиалының директоры Жаңғазы Рақымов марапатталды. Премьер-министр баршаны ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады. Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және Әділетті Қазақстан құруда мемлекеттік аппараттың одан әрі адал да әділ жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Анықтама: “Барыс” орденімен марапаттау ерекше еңбегі үшін жүргізіледі:
– Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту ісінде;
– бейбітшілікті, қоғамды және Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуде;
– мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте; – халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуда, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарда.