Қазақстан машина жасаушылар одағы 2023 жылғы жұмыс туралы есеп ұсынды
2024 жылғы 18 шілдеде жоғары басқару органы – «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ қатысушыларының Жалпы жиналысының отырысы өтті. Отырыс барысында машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев ҚМЖО-ның 2023 жылғы атқарған жұмысы туралы есеп берді. Бұдан басқа, ҚМЖО алқалы органдарының құрамындағы өзгерістер бекітілді.
Мейрам Пішембаев өз сөзінде шикізатпен қамтамасыз етуге, офтейк-келісімшарттар жасасуға, биржалық саудаға, ҚҚС-ты есепке алу әдісімен төлеуді ұзартуға, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қорына қатысты бірқатар жүйелі мәселелерді шешудің оң динамикасын атап өтті. Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Мемлекет басшысы «Бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Осы Заңмен өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын шикізаттың осы түрінің ең төменгі экспорттық бағасынан аспайтын баға бойынша шикізатпен қамтамасыз ету тетігін қолданудың міндетті тәртібін енгізуді көздейтін “Өнеркәсіптік саясат туралы” ҚР Заңына өзгерістер енгізілді. Заң отандық шикізат өндірушілердің – қазақстандық өңдеушілерді қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету міндеттемесін көздейді. Бекітілген тетік отандық шикізатқа қажеттілік бар металлургия және өңдеуші өнеркәсіптің басқа да салаларында жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңды іске асыру үшін мемлекеттік органдармен жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекске елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын міндетті түрде бекіту және офтейк-келісімшарттар жасасу бөлігінде өзгерістер әзірленді. Елішілік құндылықты арттыру жөніндегі заң жобасы ағымдағы жылғы маусымда Парламент Мәжілісіне енгізілді, тауар биржаларында стандартталмаған тауарларды сатып алуды болдырмайтын заңнамаға өзгерістер биржалық сауда туралы заң жобасы шеңберінде Мәжілісте қаралуда.
Мейрам Пішембаев Машина жасаушылар одағы Ұлттық экономика министрлігімен Қазақстанда өндірілмейтін Жабдықтар (өндіріс құралдары) үшін ҚҚС төлеу бойынша нормаларды ұзарту және жаңа Салық кодексіне енгізу және машина жасау кәсіпорындары үшін металл өнімдерін импорттау кезінде ҚҚС төлеуді 1 жылға кейінге қалдыру бөлігінде жұмысты бастағанын атап өтті.
ҚМЖО басшысы ағымдағы жылдың соңына дейін машина жасаушылар одағының бастамасымен құрылған «Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры» АҚ өз жұмысын бастайды деген үмітін білдірді.
Машина жасаушылар одағының басшысы өндірістің үлесі отандық машина жасауда шамамен 2% құрайтын мұнай-газ және тау-кен металлургиялық машина жасауды дамыту қажеттігін атап өтті.
Энергетикалық машина жасауды дамытуға ерекше назар аудару керек. Ол сондай-ақ ҚМЖО Үкімет Қаулысымен 2023 жылы бекітілген Машина жасауды дамытудың 2029 жылға дейінгі Кешенді жоспарын іске асырумен белсенді айналысатынын атап өтті. Кешенді жоспарда
7 бағыт бойынша 79 іс-шара қарастырылған. Мақсат – жалпы қосылған құнның 4,5 есе өсуін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, отырыста бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер бекітілді. Атап айтқанда, алты кәсіпорынды шешуші дауыспен қатысушылар санатына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл «Maker» ЖШС, «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС, «ДАФА» ЖШС, «Инкар-1» ЖШС, «Астық» ЗЭО ЖШС және «Азия Котломаш» ЖШС.
Жалпы жиналысқа қатысушылар тексеру комиссиясы Төрағасының 2023 жылғы Қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы есебін және Одақтың 2023 жылғы қызметінің қорытындылары туралы есебін мақұлдады.
Сонымен қатар Одақтың ұйымдық құрылымын жаңартуға және нығайтуға бағытталған жаңа мүшелерді құрамнан шығаруды және енгізуді қоса алғанда, Одақ басқармасының құрамында өзгерістер болды. Дауыс беру нәтижелері негізінде Одақ Басқармасының құрамына Жәнібек Байғабелов, Мақсат Қанатбаев және Динара Шөкижанова бекітілді.
Үйлестіру кеңесіне жаңа мүшелері ретінде «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры Есет Дүйсенов, «С.М. Киров атындағы Машзауыты» АҚ бас директоры Күренбеков Дулат, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Тұрлыбаев және «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин бұрынғы мүшелерін ауыстырумен тағайындалды. Отырыста қабылданған шешімдер отандық машина жасауды одан әрі дамытуға және Қазақстанның индустриялық саласындағы Одақтың ұстанымын нығайтуға бағытталған.