Қазақстан машина жасаушылар Одағы Қарағанды қаласының оқушыларымен кездесті
Техникалық мамандықтардың дамуы – ел экономикасын дамытудың ең қолайлы және перспективалы бағыты болып қала береді. Осы туралы Қазақстан машина жасаушылар Одағында белгілі және Одақтың барлық мүшелері саланың болашақ мамандарын дайындауды мектеп қабырғасынан бастап көңіл бөлуде .
Сондықтан, Қарағанды қаласының №93 мектеп оқушыларына техникалық мамандықтың қыр-сырын түсіндірді.
2018 жылдың 7 қарашасында Қарағанды қаласында Қазақстанның машина жасаушылар одағының аймақтық өкілі Копьяк Г.П. «Maker» ЖШС өкілдерімен бірге болашақ студенттерге арналған нетворкинг өткізді.
Мектеп оқушылары ұйымдастырушылардың әңгімесіне ерекше назар аударды. Себебі, «кім болам?» деген сұраққа жауап іздеп жүрген бүгінгі оқушы жақын арада болашақ қызмет саласын таңдайды.
Әңгіме барысында оқушыларға техникалық мамандықтардың өзектілігі туралы айтылды.
Елбасы Жолдауында еліміздің таяу болашақта дамуының бағыт-бағдарын айқындап, білім беру жүйесі қалай дамитындығына ерекше назар аударғанын Одақтың өкілі – Г.П. Копьяк атап өтті.
Мектеп оқушылары жаңа жағдайда IT-технологиялар саласындағы мамандарға, инженерлерге, технологиялық желілерде жұмыс істейтін мамандарға сұраныс жоғары болатынын түсінуде.
9,10 және 11 сыныптарында оқитын 200 мектеп оқушыларының ішінен біздің болашақ әріптестеріміз де табылады.
Кездесу барысында Maker өкілі «Maker» ЖШС құрылу және даму тарихы жайлы, оны жаңғырту, жұмыс жағдайлары және зауытта жүру тәртібі туралы әңгіме етті.
Тыңдаушыларды кәсіпорынның қызметі қызықтырды. Мұны ескерген ұйымдастырушылар келесі аптада аталмыш кәсіпорынға экскурсия жасамақшы.
Естеріңізге сала кетейік, іс-шара Жастар жылының аясында әлеуметтік әріптес – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту жөніндегі қорының бастамасы бойынша өткізілді.