Ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылы туралы меморандумға қол қойылды
Қазақстан машина жасаушылар одағы (бұдан әрі – Одақ) және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Samruk – Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бастамасымен жастар әлеуетін дамыту бөлігінде «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Президент Жолдауының негізгі тармақтарын іске асыруға кірісті.
2019 жылғы 28 ақпанда Жастар жылы аясында Одақ пен Университет машина жасау саласында техникалық мамандықтардың білікті кадрларын даярлауға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Іс – шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Одақ Басқармасының Төрағасы М. К. Пішембаев, университет ректоры А. Қ. Күрішбаев, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты.
Іс – шараны университет ректоры – А. Қ. Күрішбаев құттықтау сөзбен ашты.
«Ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту жолы – бұл инновацияны қолдау. Бүгінгі іс – шара машина жасау саласында жаңа форматтағы кадрларды даярлауға бағытталған біздің ұйымдар арасындағы болашақ ынтымақтастыққа жақсы түрткі болады», – деді ректор.
Одақ басқармасының төрағасы – М. К. Пішембаев та іс-шараның маңыздылығын атап өтті: «Бүгін біз ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылы саласындағы маңызды іс-шаралардың бірін өткіземіз. Елбасы айтқан Әлеуметтік бастамалар Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа экономикада талап етілетін мамандарды дамытуға баса назар аударады. Салаларға тек Машина жасауды ғана емес, тұтастай алғанда барлық өңдеуші саланы дамытудың қозғаушы күші болатын білікті кадрлар қажет.»
Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Одақпен бірлесіп робототехника бойынша практикалық сабақтар өткізуге арналған оқу жинақтарын, құралдар мен қорғаныс құралдарын табыс етті. Бұл жинақтар оқыту процесін толықтыруға, атап айтқанда теориялық білімді практикада қолдануға мүмкіндік береді. Өз кезегінде студенттер зертханада өздерінің тәжірибелік дағдыларын көрсетті.