“Қазақстан машина жасаушылар одағы” ЗТБ мүшелігіне қабылдау заңды тұлғалардың (АҚ, ЖШС, ЗТБ, РМК) жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар:
- Өтініш (өтініш берушінің бланкісін жүктеу);
- Тіркелген заңды тұлға туралы анықтама (сайттан алу egov.kz немесе ХҚКО-да).
Туындаған сұрақтар бойынша өңірлік даму бөлімінің басшысы – Кузьменко Микаэлге +7 (701) 513-06-71, менеджер Теміржанов Алтынбекке +7 (747) 892-23-36 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Материалдар info@smkz.kz электрондық поштасына жіберіледі.
Қазақстан машина жасаушылар Одағына мүшеліктің артықшылықтары:
- Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектормен, қоғамдық және іскерлік құрылымдармен өзара іс-қимыл мәселелерінде Одаққа қатысушылардың мүдделерін қорғау;
- Одақ мүшелерінің мүдделерін қолдау;
- Бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесінде Одаққа қатысушыларды кеңінен қамтуды қамтамасыз ету;
- Одақ өткізетін іс-шараларға, вебинарларға, зерттеулерге қатысу;
- Шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуға жәрдемдесу;
- Жаңалықтарды жедел алу;
- Бизнес мәселелері бойынша кеңес беру;
- Машина жасау өнімдерінің отандық тауар өндірушілері туралы ақпарат алу.