Қазақстан машина жасаушылар Одағы жастармен жұмысты жалғастыруда
Техникалық мамандықтарды игеру ел экономикасының дамуына үлес қосып, болашағы бар бағыт болып қала бермек. Сол себепті ондықтан Қазақстан машина жасаушылар Одағының барлық мүшелері осы сұраққа үлкен мән береді. Өткен жылдың күзінен бастап Одақ республиканың барлық аймақтарында жастарға экскурсиялар мен тренингтер өткізуді бастады.
Одақ мүшесі – «Қазақстан Агроинновациялық корпорациясы» ЖШС Көкшетау қаласындағы №1 Сервис-техникалық колледж студенттеріне экскурсия өткізді. Зауытпен танысу өндірістік бөлімдер мен кәсіпорынның бөлімдерінен басталды. Сондай-ақ, кездесу барысында зауыт өкілдері кәсіпорынның құрылу және даму тарихы, оны модернизациялау, еңбек жағдайлары және зауыттағы тәртіп ережелері туралы айтты.
Сондай-ақ, Көкшетаудағы ІТ мектебінің оқушылары үшін сатып алу және құрастыру алаңдарының шеберлерінің қатысуымен «Сынып сағаты» өткізілді. Жоғарғы сынып оқушылары ұйымдастырушылардың әңгімелерін ерекше ықыласпен тыңдады. Себебі оқушылар«Кім болам?» деген сұраққа жақын арада жауап беріп, болашақ қызмет салаларын таңдайды. Әңгіме барысында оқушыларға техникалық мамандықтардың маңыздылығы мен өзектілігі туралы айтылды.
Қазақстан машина жасаушылар Одағы колледж басшылығына және «KAIK» ЖШС-не біздің бастамамызды қолдағаны үшін алғыс білдіреді. Іс- шара Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік даму қоры бастамасымен ұйымдастырылған.