ҚОСТАНАЙДА “КИРОВЕЦ” ТРАКТОРЛАРЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

24 қазанда Қостанай қаласында ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің қатысуымен Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясын дамыту саласындағы бірлескен іс-қимыл Бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы алғашқы зауыт ашылды. “Кировец” тракторларының өндірісі индустриялық аймақта “Петербург трактор зауыты”АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылған. Жобаны іске асыру кезең-кезеңмен өтеді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: “Қостанай трактор зауытының ашылуы ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мемлекеттік бағдарламасының басталуының белгісі болып табылады. Инвестицияның жалпы көлемі 7,3 млрд. теңге. Өндірістік қуаты жылына 700 трактор. Жаңа зауыт өндірісте 500-ге дейін жаңа жұмыс орнын, сондай-ақ аралас салаларда 700-ге дейін жұмыс орнын ашуға және Қазақстанның фермерлерін отандық өндірістің сапалы техникасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аты аңызға айналған “Кировец” тракторын өндіру зауытының ашылуымен Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кезеңі басталатыны қуантады. Агроөнеркәсіп секторында үлкен мүмкіндіктері бар ел бола отырып, жеке ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту қажет”.

“Петербург трактор зауыты” АҚ-мен ынтымақтастық Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны арттыру бойынша стратегиялық міндетті атқарады. Жоба ел үшін жоғары экономикалық және әлеуметтік мәнге ие, технологиялық құзыреттілік трансферті, терең оқшаулануы және ҚР-да жоғары қосылған құны бар барлық қазіргі заманғы халықаралық нормалар мен стандарттарға жауап беретін бірегей өндіріс құрылды.

Сергей Серебряков, “ПТЗ” АҚ директоры: “Қазақстандағы “Кировец” тракторына деген жоғары сұранысты ескере отырып, біз соңғы жылдары жобаны іске асыру жөнінде ойладық, алайда инвестициялау үшін қажетті жағдайлардың болмауына байланысты өндірісті құрудың орындылығын көрген жоқпыз. Қазіргі уақытта, Қазақстан Үкіметі қабылдаған шаралар мен шешімдер бізге Қазақстанның өз өнеркәсібін дамытумен шындап айналысатынына сенім ұялатады. Бұл Қазақстанның машина жасау саласындағы маңызды оқиға. Зауытты іске қосу өзара тиімді ынтымақтастыққа ие: Қазақстан жаңа өндіріс, өз өнімдерін, жұмыс орындарын алады, Ресей тарапы – бас зауыт үшін де, қайталама нарық үшін де жинақтаушы өндіріс алады»

 Мемлекет алдында ауыл шаруашылығы техникасының қиын тозған паркін жаңарту жөніндегі стратегиялық міндет тұр. ҚР Үкіметі тарапынан отандық өндірушілер үшін жағдайды жақсарту бойынша сындарлы шаралар қабылдануда. Алдағы 5 жылда Қазақстан ауыл шаруашылығы техникасының жаңа, қазіргі заманғы өндірістерін және олардың жиынтықтауыштарын құру міндетін алға қояды. Қостанай трактор зауытының іске қосылуымен елдің машина жасаушылары АӨК паркін қайта жарақтандыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін қуаттылығы мен құзыреттілігі бар екенін дәлелдейді.