Әлемдегі ең үлкен ұшақ алғаш рет әуеге көтерілді
Алты қозғалтқышы, екі фюзеляжы бар алып ұшақ АҚШ-тың Калифорния штатындағы Мохаве шөлінде алғашқы сынақ ұшуын орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап. Бұл – әлемдегі ең ірі ұшақ.
Microsoft компаниясын құрушылардың бірі 2011 жылы орбитаға жер серіктерін жеткізетін ұшақ жасауға кіріседі. Stratolaunch Systems Model 351 ұшағының қанатының ұзындығы 117 метр шамасында, әуе кемесінің ұзындығы 53 метр, биіктігі – 15 метр шамасында. Ең жоғары ұшу салмағы 590 тонна шамасында, тек ұшақтың таза өз салмағы – 226 тонна.
Stratolaunch орбитаға ғарыш апппаратарын жеткізуге арналған. Тасығыш зымыран екі фюзеляж арасындағы орынға бекітіледі.
Бұған дейін әуеге көтерілген әлемнің ең ауыр ұшағы Ан-225 «Мрия» болатын. Ол 200 тонна жүк алып ұша алады. Ұшақ 1988 жылы 21 желтоқсанда алғаш рет әуеге көтерілді.
Stratolaunch ұшағы Мохаве шөлінде құрастырылды. 2017 жылы мамыр айында ұшақты жерде сынау үшін алғаш рет ангардан шығарды.
Екі жарым сағатқа созылған алғашқы ұшу барысында, алып ұшақ сағатына 304 шақырым жылдамдықпен бес шақырым биіктікке көтерілді. Сонымен қатар, бірнеше маневр жасады.