Cупер кәсіпкер қалай пайда болады?
Англияның (Centre for Policy Studies) саясаттық зерттеу орталығы «супер кәсіпкер қалай пайда болады?» деген тақырыппен зерттеу жүргізіп, ешқандай мұраға қарқ болмастан, нөлден, яғни кедей халден әлемдік деңгейде миллиардер жағдайға жеткен кәсіпкерлердің ортақ ерекшеліктерін анықтап жазды. Зерттеу бойынша супер кәсіпкерлер ретінде көрсетілген бұл адамдардағы ең басты қасиет бойында кәсіпкерлік рухының болуы екен. Бұған қоса өзіне деген сенімділік, алға ұмтылыс, сәтсіздіктерге, келеңсіздіктерге тап болғанда төзіп, оны жеңе алу өз күшімен миллиардер болған адамдарда жиі кездесетін ерекшелік екендігі аталған.
Зерттеуде тағы супер кәсіпкер болу үшін білім қажеттілігі айтылған. Зерттеу бойынша АҚШ-тық супер кәсіпкерлердің 16% ғана жоғары білім алмаған екен. Қалғандары елдің ең алдыңғы қатарлы білім ордаларын тамамдаған. Сондай-ақ супер кәсіпкер болу үшін адамда бай болу, табысты болу құлшынысы болу қажеттігіне тоқталған. Супер кәсіпкерлер ақпараттық технология (IT), биотехнология, қаржы және сауда салаларында көбірек кездесетіні айтылған. Бұл салаларда мемлекет тарапынан бөлінетін бюджет, басқа салаларға қарағанда ауқымды болатын көрінеді. Зерттеу бойынша бюрократиялық үрдістері көп қинамайтын және салық мөлшері төмен болған елдерде супер кәсіпкерлік жылдам өрлейтіні аталған. Супер кәсіпкерлердің белсенділігі, табысы мен жаңалықтары өз елі үшін де қосатын үлесі тұрғысынан маңызы жоғары болып табылады. Зерттеуге 1996 мен 2010 жылдар аралығында Форбс журналының тізіміне енген және нөлден миллиардер деңгейге жеткен 1000 адам алынған. Бұлардың көпшілігі әуел баста даяшы, ыдыс жуушы, жанармай құюшы, үйлерді аралап өнім сатушы, газет сатушысы секілді арзымаған жалақыға жұмыс істеген адамдар екен.
Қайнар көз: bilim-all.kz