Өңірлік өкілдердің міндеттері
  1. Одақтың өңірлік мүдделерін білдіру, өңір кәсіпорындарын біріктіру.
  2. Өңір кәсіпорындарының проблемалық мәселелерін жинақтау және оларды бірлесіп шешуді ұйымдастыру, соның ішінде өңірлік және республикалық деңгейде (Одақтың қолдауымен).
  3. Өңір кәсіпорындарын паспортизациялау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, кәсіпорындардың дамуына қажетті ұсыныстар мен жол карталарын әзірлеу.
  4. Кәсіпорындарды сараптамадан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру, «Атамекен» РПП/ҰКП сертификаттарының «CT-KZ» нысанын беру кезінде адал емес өндірушілердің сертификат алу мүмкіндігін болдырмау (сараптама жүргізу туралы өтінімдер Одаққа ұсынылады/жіберіледі).
  5. Одақ құрамына жаңа мүшелерді тарту бойынша жұмыстарды жүргізу (салалық өңірлік кәсіпорындар).
  6. Қазақстан машина жасаушылары форумын өткізуге дайындық жұмыстарына қатысу.