Х Форум туралы баспасөз парағы

2022 жылдың 22 қыркүйегі                                                      Астана қаласы

Бүгін Елордасы Астанада айтулы күн – Қазақстан машина жасаушыларының 10-шы форумы және Екінші Халықаралық мамандандырылған машина жасау, металл өңдеу көрмесі өтуде.

Форум ұраны: «Қазақстан машина жасау одағы жаңа дәуірге аяқ басады!»

Форум барысында 12 секциялық отырыс өтеді. Онда ауыл шаруашылығы мен теміржол және электротехникалық машина мен автомобиль жасау салалары қамтылады. Сондай-ақ, «Теңізшевройлдың» өнім жеткізушісі болу үшін не істек керек?», Индустрияны цифрландыру мен өндірісті роботтандыру сияқты көптеген секциялар жұмыс жасайды.

Жыл сайын өтетін Форум Қазақстанның машина жасау саласының беделі артып, оған деген сұраныстың үдеп келе жатқанын дәлелдейді.

Шара дәстүр бойынша Мемлекет басшысының, Президент әкімшілігінің, Үкіметтің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен жүргізіліп жатыр.

Форумның пленарлық отырысына ҚР Премьер-Министрі Смаилов Алихан Асханұлы қатысады.

Отырысқа Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Ұлттық компаниялардың басшылары, шетелдік серіктестер, машина жасау кісіпорындары, машина жасау өнімін тұтынытындар, ғылыми және білім беру ұйымдары қатысады.

Биылғы жылы Форум өңдеу өнеркәсібі, атап айтқанда, машина жасау салаларын дамыту үшін сын-тегеуріндерді талқылауға және жаңа уақыттың шешімдерін іздеуге арналды.

Қазақстанның машина жасау Одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевтың айтуы бойынша Форум мемлекет пен бизнестің тиімді өзара іс-қимылы үшін “зәкірлі” диалог алаңы болмақ. Әрі форум аясында ашық және жүйелі диалог өтеді, машина жасау және жалпы өңдеу өнеркәсібін дамыту стратегиясы әзірленеді. Бұл өткізіліп отырған шараның маңыздылығы мен құндылығын дәлелдейді.

Пленарлық отырыс барысында «Самрұқ-Қазына» АҚ-ның атқарушы директоры Николай Казутиннің, «Локомотив Құрастыру Зауыты» АҚ-ның Бас директоры Марат Тілеубаевтың, «Ресей Машина жасау» Бюро басқарма мүшесінің, «Ростсельмаш» директорлар кеңесінің Төрағасы Константин Бабкиннің, «MAKFED» Түрік машина жасау федерациясының Төрағасы Аднан Далгакиранның, Неміс машина жасау Бірлестігінің Азия бағыты бойынша және (VDMA) шаруашылық құрал-жабдық өндірісінің Жетекшісі Моники Холлахердің баяндамалары тыңдалды.

Одақ еліміздің машина жасау саласын тиімді дамыту мақсатында 18 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді.

Ол 674 отандық машина жасау кәсіпорындары мен 8 салалық қауымдастықты біріктіреді. Қазақстан бойынша 17 өңірлік өкілдіктен тұратын желісі бар. Сонымен қатар, Еуропа мен Азияның 13 шетелдік машина жасау қауымдастығымен серіктестік етеді.

Қазақстан машина жасау одағы ел ішіндегі сала құндылықтарының дамуын қолға алған болатын. Ол үшін отандық өнеркәсіптерінің бәсекесін арттыру қажет. Импортқа тәуелділікті азайтып, өндірісті әртараптандыру басты мақсат болып отыр. Осы бағытта  «Qazaq Gaz».АҚ жұмыс істеп жатыр.

Одақ отандық машина жасау саласын бәсекеге қабілетті әрі экспортқа тиімді көлемде шығару мүмкіндігін ұлғайтуды басты назарда ұстап отыр.

Бүгінгі күні машина жасау өнімі – бұл жаһандық сауданың 40% – ға жуығын құрайды. Салыстыра кетейік, отын-энергетикалық тауарлардың (мұнай, газ және көмір) саудасы 11%.

Қазақстанда машина жасау саласы индустрияландыру жылдарында айтарлықтай өсті. Бұл ел экономикасы үшін өте маңызды. 

Отандық машина жасау үлесі ел экономикасында (ЖІӨ) 1,9 есеге (2010 жылғы 1,5% – дан 2021 жылы 2,8% – ға дейін), өнеркәсіпте-2 есеге (2010 жылғы 3% – дан 2021 жылы 6% – ға дейін), өңдеу секторында-1,4 есеге (9,8% – дан) ұлғайды.

Дегенмен, өткір мәселелер де жоқ емес. Сала кәсіпорындарын қолжетімді қаржыландырумен, шикізатпен және материалдармен қамтамасыз ету керек. 

Саладағы негізгі өндірістік қорлар жаңартуды қажет етеді.

Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша орын алған проблемаларды шешу үшін машина жасаушылар Одағы Үкіметпен, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, отандық өндірушілерді қолдау бойынша тұрақты және жүйелі жұмыс жүргізуде.

Қазақстанның машина жасау саласына инвестиция тарту басым бағыттардың бірі болып табылады. 2010-2021 жылдар аралығында Машина жасауға 2,5 млрд.доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды, өсім 1,7 есе – 146-дан 245 млн. долларға дейін жетті.

Қазақстанға Сименс Дженерал Электрик, Дженерал Моторс, Альстом, Жак, КАМАЗ, Трансмашхолдинг, Клаас сияқты трансұлттық компаниялар және басқа да бірқатар инвесторлар келді.

2010-2021 жылдары саланың негізгі капиталына инвестициялар 2,8 есе өсіп, 620 млрд.теңгені құрады.

                                                            Қазақстан машина жасаушылар одағы.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.