СМЖ Одақ Басқармасы мүшелерінің отырысы

23 қарашада «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ – да (бұдан әрі-СМЖ) Одақ Басқарма мүшелерінің отырысы өтті.

Күн тәртібінің негізгі мәселесі «СМЖ Басқарма мүшелері арасында Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне жолдау қорытындылары бойынша, машина жасауды дамытудың 2024 жылға дейінгі жол картасы және Қазақстан машина жасаушыларының ІХ-Х форумдарының ұсынымдары бойынша мәселелерді бөлу туралы».

СМЖ Басқарма төрағасының орынбасары Е. Мақанов баяндама жасап, СМЖ Басқарма мүшелері арасында бекіту одақтың әрбір мүшесі қызметінің басым бағыттарынан туындағанын баяндады.

Талқылау барысында СМЖ Басқарма мүшесі – «Қазақстандық автобизнес қауымдастығы» ЗТБ президенті А. Лаврентьев Басқарма мүшелері арасында ұсынылып отырған жауапкершілікті бөлумен және басқарманың әрбір мүшесінің өз мәселелері үшін дербес жауапкершілігін бекітудің орындылығымен келісімін білдірді.

СМЖ Басқарма мүшесі – «Қазинжиниринг «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Т. Әбдірахманов СМЖ Басқарма мүшесі Е. Мақановқа  6 мәселені іске асыруға жәрдемдесуге дайын екендігі туралы пікірін білдірді: «Технологиялық күрделі машина жасау өнімін «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ еншілес ұйымдарының бірінші кезектегі сатып алу тізбесіне жеткізу мерзімі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-дан кемінде күнтізбелік 120 күн тоқсандық / айлық жеткізу кестелерін қолдану арқылы».

СМЖ Басқарма мүшесі – «Қазэнергокабель» АҚ Бас директоры В.Бобров отырыс барысында мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тарта отырып, әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық комиссияның алдағы отырысы туралы жариялады.

СМЖ Басқарма төрағасы М. Пішембаев уақыт жаңа сын-тегеуріндерді талап етеді, мәселелердің өзектілігін мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға шоғырландыру және бірлескен күш-жігермен жеткізу, ортақ іс үшін өз ресурстарын пайдалана отырып, әрбір тармақты іске асыруды бақылауда ұстау қажет деген ұстанымын айтты.

СМЖ Басқарма отырысының қорытындысы бойынша басқарма мүшелері арасында ұсынылған мәселелерді бөлуді және осы іс-шараларды бірлесіп іске асыру қажеттілігін мақұлдау айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.