РОМАН СКЛЯР МЕН ДЕНИС МАНТУРОВ ӨНЕРКӘСІП КООПЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ресей Федерациясының Өндіріс және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті. Тараптар өнеркәсіптік ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Р.Склярдың айтуынша, өнеркәсіп екі ел экономикасын байланыстыратын сала және бірлескен жобалар Қазақстандағы өнеркәсіпті дамытуға қомақты үлес қосады.

Тараптар сондай-ақ тиісті министрліктердің өнеркәсіптік ынтымақтастық саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуде атқарған жұмысты жоғары бағалады.

Бұл бағдарламада «Петербургский тракторный завод» АҚ мен «Агромашхолдинг KZ» АҚ бірлесіп «Кировец» маркалы тракторлар мен олардың жинақтауыштары, «КАМАЗ» БАҚ пен Қазақстанның автобизнес қауымдастығымен бірлесіп КАМАЗ маркалы көлік құралдарының жинақтауыштарын, «Россети» БАҚ-қа жеткізу үшін «Alageum Electric» АҚ-да 110 кВ кернеуге дейінгі майлы және құрғақ трансформаторлар өндірісін ұйымдастыру қарастырылған. Сондай-ақ, Бағдарламада «АВТОВАЗ» БАҚ ынтымақтастығымен толық циклды «Азия Авто Қазақстан» АҚ автозауытының құрылысы жобасын іске асыру шаралары қарастырылған.