ОЭСР: «Автоматтандыру орта дәрежелі мамандарды ығыстыруда»

Автоматтандыру ақ жағалылар мен көк жағалыларға тең дәрежеде қәуіп төндіруде. Алайда, экономикалық ынтымақтастық пен даму Ұйымының есептемесі көрсеткендей, роботтармен алмастыруды әсіресе станок операторы, кеңсе клерктері және полиция қызметкерлері сияқты орта дәрежелі мамандар қауіптенуі қажет.

Орта дәрежелі мамандық иелері «қырылу» қаупіне ұшырағанын еңбек нарығындағы өзгерістерге арналған ОЭСР есептемесі көрсетті. Талдаушылар ОЭСР елдерінде орта дәрежелі мамандардың үлесі 1995 жылғы 49%-дан 2015 жылда 40%-ға қысқарғанын мәлімдеді. Жоғары және төменгі дәрежелі мамандардың еңбек нарығындағы үлесі сәйкес 7,6 және 1,9%-ға өсті.

Орта дәрежелі қызметкерлер үлесінің ең үлкен қысқаруы Австрия, Швейцария және Ирландия елдерінде орын алды. ОЭСР елдерінің барлығында орта дәрежелі мамандардың үлесі минимум 2%-ға кеміді.

Сарапшылар осындай трансформацияның негізгі себебі ретінде технологиялардың дамуын атап отыр. Мысалы, қаржы секторында комьютерлік бағдарламалар орта дәрежелі мамандарды толығымен ығыстыруға жақын. Бұл мәселеде жаһанданудың да рөлі зор. Көптеген компаниялар орта дәрежені қажет ететін жұмыстарды еңбекақысы төмен Қытай сияқты елдердегі жұмысшыларға тапсырып жатыр.

Quartz атап өткендей, кейбір жағдайларда орта дәрежелі мамандықтарды жоғары және төменге дәрежелі мамандықтар алмастырып жатыр. Мысалы, ғалымдар мен менеджерлердің саны өсіп келеді.

Еңбек нарығында соңғы жылдары жұмыспен қамтылудың тек екі нұсқасы қалды: не жалақысы төмен күнде қайталанатын жұмыс, не еңбекақысы жоғары және жоғары дәрежені қажет ететін жұмыс. Ғалымдар мен басшыларды машиналармен алмастыру әлі де мүмкін емес, себебі бұл қызмет түрлелері жоғары деңгейлі когнитивтік дағдаларды қажет етеді. Қозғалыс координациясының дәлдігін қажет ететін жүкшілер мен тазалаушылар қызметін де алмастыру әлі мүмкін емес, себебі компьютерлік көру жүйелері мен манипулятор-роботтар бұндай жұмысты атқара алмайды.

Автоматтандыру салдарынан жұмыстан айырылу қаупіне көптеген таптардың өкілдері там болуда. Алайда, роботтандырудың қаупі әсіресе орта дәрежелі тапқа төніп тұр. Осындай қорытындыға Калифорниядағы Асиломарлік конференцияның сарапшылары келді. 1980 жылдан бері орта таптың өкілдеріне арналған жұмыс орындарының саны күрт төмендеді.

Дереккөзі: OECD / Quartz