Одақта “СТ-KZ”сертификаттарын беру мәселелері талқыланды

2021 жылғы 1 шілдеде Одақтың Өңірлік өкілдерімен 26-отырыс өтті.

Кеңес модераторы – Ө. К. Ержанов, Одақ директоры қатысушыларды отырыс тақырыбымен таныстырып, шақырылған спикерді таныстырды.

Спикер: “Атамекен” ҚР ҰКП сертификаттау департаментінің директоры – Құсайынов Азамат Күшкайратұлы.

Күн тәртібінде “СТ-KZ”нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу бойынша кәсіпорындарды сараптауға Өңірлік өкілдердің қатысуы және өткізу мәселелері талқыланды.

“Негізгі мәселе бұл – “СТ-KZ” сертификатын беру тұрғысынан кәсіпорынға сараптама жүргізу, сондай – ақ сараптама жүргізу алдында сарапшыға зерделеу үшін құжаттар тізбесін ұсыну “, – деді Ө.Ержанов.

Сондай-ақ, ол құжаттарды ұсыну кәсіпорын қызметін объективті бағалау және “СТ-KZ”сертификатын беру үшін қажет екенін айтты.

Кездесу барысында шақырылған спикер – “Атамекен” ҚР ҰКП сертификаттау департаментінің директоры Азамат Құсайынов отандық тауар өндірушілер өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Отырысқа қатысушылар айтылған мәселелер бойынша пікір және ұсыныстар алмасты.

Сондай-ақ, отырыс барысында ҚМЖО Басқарма төрағасының орынбасары Е. Мақанов СТ-КЗ нысанындағы сертификаттан индустриялық сертификатқа көшу қажеттілігі туралы атап өтті, өйткені индустриялық сертификатта ТЖҚ отандық өндірушісі функцияларының аражігін ажыратудың басымдықтары туралы кеңейтілген түсінік бар.

Қазақстан машина жасаушылар одағы қатысушыларға өнімді жұмыс атмосферасы үшін алғыс білдіреді.