Одақта мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде жиналыс өтті

16 шілдеде Қазақстан машина жасаушылар одағының (бұдан әрі-Одақ) өңірлік өкілдерімен 27 – ші отырыс өтті. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіру және талқылау мақсатында Одақ “QazIndustry” АҚ өкілдерінің қатысуымен жиналыс ұйымдастырды.

Одақ Басқармасы Төрағасының орынбасары Маканов Е.К. жиналыс қатысушыларына  «QazIndustry» АҚ жүзеге асырып жатқан бизнесті ынталандыру шараларын ақпараттандыру мен қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Отырыстың арнайы шақырылған спикерлері  – “QazIndustry” АҚ –ның даму және қолдау құралдарын мониторингілеу дирекциясының басшысы Д.С.Серіков пен бас сарапшы Р. Мыңбаев.

“QazIndustry” АҚ спикерлері еңбек өнімділігін арттыруға, отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытуға, сондай-ақ отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарықта жылжытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін таныстырды.

Сондай-ақ, спикерлер “QazIndustry” АҚ көрсететін қолдау шараларына, оның ішінде 3 түзету пакетімен ұсынылатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу ережелеріне пысықталып жатқан маңызды өзгерістерді атап өтті:

  • – тауарларды жеткізуге байланысты Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге ұсынылған сомадан 80% – ға дейін мөлшерде өтеуді ұлғайту;
  • -тауарларды теміржол, әуе, автомобиль, теңіз көлігімен жеткізуге байланысты және тиісті қаржы жылы ішінде индустриялық-инновациялық қызметтің бір субъектісіне ұсынылатын тасымалдарды ұйымдастыру бойынша шығындардың бір бөлігін өтеудің шекті мөлшерін өзгерту.

Кездесу барысында машина жасау кәсіпорындары өкілдерінің сұрақтары мен ұсыныстарына “QazIndustry” АҚ нақты уақыт режимінде жауап берді.

Отырысқа қатысушылар аталмыш мәселе бойынша пікір алмасып, сондай-ақ отандық машина жасаудың өзекті мәселелерін де талқылады.

Қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тетіктері туралы ақпаратпен келесі бейне-презентацияда толығырақ танысуға болады: