Одақта Өңірлік өкілдермен 29-отырыс өтті

2021 жылғы 22 шілдеде Одақтың Өңірлік өкілдерімен 29-отырыс өтті.

Отырысқа ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Серік Жәмекұлы Оспанов, ҚР ҰЭМ экономика салаларын дамыту департаментінің директоры Олжас Олжабайұлы Сыздықов, ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары Нұрлыбек Ақылбекұлы Шаймаханов, Одақтың өңірлік өкілдері және одаққа мүше кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Кеңес модераторы-Одақ Басқармасы Төрағасының орынбасары Е.К. Мақанов қатысушыларды отырыс тақырыптарымен таныстырып, шақырылған спикерлерді таныстырды.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

  1. ҰЭМ 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – №67 бұйрық) металл өнімдерінің СЭҚ ТНВЭД атауларымен және кодтарымен (металл илегі, сұрыпты илек және болат пен шойыннан жасалған дайындамалар, дайындауға арналған шикізат)есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін ұзарту және толықтыру;
  2. ҚР-да өндірілмейтін сатып алынатын шикізат құнының бір бөлігін (металл прокаты, сұрыпты илек және болаттан, шойыннан жасалған дайындамалар және т.б.) субсидиялау тетігін енгізу мүмкіндігі.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша модератор “Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі “Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы “Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №413 Жарлығының 15-тармағында”отандық өңдеуші өндірістерді шикізатпен толыққанды жүктеуді қамтамасыз ететін реттегіш тетіктерді әзірлеу” көзделгенін еске салды.

Сонымен қатар, модератор 2020 жылдың соңында  импорттың сандық көлемі мен металл бағасының өсуін атап өтті.

“Лондон металл биржасының мәліметтері бойынша, өткен жылдың қазанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін металл бағасы 70% — дан астам өсті, бұл отандық машина жасаушылар үшін жағдайды ушықтырды”, – деп түсіндірді Ерқанат Мақанов.

Туындаған жағдайды тұрақтандыру үшін Одақ Машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын өзектендіру шеңберінде ахуалды тұрақтандыру бойынша бірқатар шараларды ұсынды, оның ішінде — импортталатын шикізат пен материалдарға ҚҚС-ты есепке алу әдісімен төлеу және ҚР-да өндірілмейтін сатып алынатын шикізат құнының бір бөлігін субсидиялау (металл прокаты, сұрыпты илек және болаттан, шойыннан және т.б. дайындамалар).

“ААМЖЗ” ақ бас директоры Жетпісбай Едігенов аталған жағдай жөнінде айтып, отандық кәсіпорындарды қолдауды сұрады: “Бүгінде отандық машина жасаушылар шикізатты негізінен шетелден сатып алуға мәжбүр, бұл саланы осал етеді. Осындай күрделі жағдайларда импортталатын шикізатқа ҚҚС төлеу тетігін есепке алу әдісімен қолданған дұрыс деп санаймын”.

ҚР ИСМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Серік Оспанов ҚР ИДМ ҚҚС есепке алу әдісімен төленетін бұйрықтың қолданылуын ұзарту және осы мәселені одан әрі пысықтау қажеттілігі жөніндегі ұсынысты қолдайтынын сендірді.

Бұл ұсынысқа жауап ретінде ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары Нұрлыбек Шаймаханов 2022 жылғы 01 қаңтардан бастап №67 бұйрықтың күшін жоюға қою және басқа да нақты қолдау шараларын пысықтау қажеттігі туралы ұстанымын білдірді.

Өз кезегінде модератор одақ ҚР СК 427 және 428-баптарында және ҰЭМ 21.02.2018 жылғы № 67 бұйрығымен көзделген есепке алу әдісімен импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу тетігін сақтау бойынша жұмысты жалғастыратынын айтты.

Нәтижесінде тараптар машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын өзектендіру шеңберінде осы мәселе бойынша жұмысты жалғастыру туралы келісімге келді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге қатысты модератор қатысушыларды Одақтың “ҚР-да өндірілмейтін сатып алынатын шикізат құнының бір бөлігін субсидиялау тетігін енгізу” туралы ұсынысымен таныстырды.

Модератордың айтуынша, аталған шара “Өнеркәсіптік саясат туралы” ҚРЗ жобасы аясында да қарауға енгізілген.

Аталған мәселе бойынша отандық тауар өндірушілер атынан “Қазақстанның электр машина жасаушылар Қауымдастығы” ЗТБ басқарма төрағасы Ернар Жақашев сөз сөйледі. Ол барлық кәсіпорындар үшін мәселенің маңыздылығын атап өтіп, аталған тетікті енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

“Біз импортталатын шикізат (трансформаторлық болат) құнының бір бөлігін субсидиялауды сұраймыз, бұл бізге экспортты ұлғайтуға және ЕАЭО нарығында да, алыс шетелдерде де бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді”, — деп қорытындылады Ернар Жақашев.

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Серік Оспанов ҚР ИИДМ-нің “Өнеркәсіптік саясат туралы” заң жобасы аясында осы ұсынысты енгізгенін және осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттілігін растады.

Талқылау барысында қатысушылар айтылған мәселелер бойынша пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасып, Машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын талқылау шеңберінде ағымдағы жылғы 23 шілдеде Индустриялық даму комитетінің алаңында диалогты жалғастыру туралы уағдаласты.