Одақ Басқармасының отырысы өтті

2020 жылғы 8 қазанда Қазақстан машина жасаушылар одағы Басқармасының отырысы өтті. Отырыстың басында Одақ қатысушыларының Жалпы жиналысының дауыс беру қорытындылары ұсынылды, онда Одақтың алқалы органдарының дербес құрамы (Үйлестіру кеңесі, Тексеру комиссиясы, Басқарма) бекітілді.

Басқарма төрағасы Басқарманың жаңа мүшесін — “Қазақстан Инжиниринг” Басқарма төрағасы А.З. Сәрсембаевті таныстырды.

Отырыс барысында Басқарма мүшесі М.Қ. Пішембаев ағымдағы жылдың 9 айында үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті. Атап айтқанда, елдің жоғары басшылығы Одақтың “Өнеркәсіптік саясат туралы” Заңды қабылдау қажеттілігі туралы бастамаларын қолдады, Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды, Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумы сәтті өтіп, 8 айдың қорытындысы бойынша машина жасау саласы 16% өсіммен өңдеу өнеркәсібінің көшбасшысы орнын сақтап қалды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Басқарма мүшелерін Одақтың атқарушы дирекциясы жұмысы туралы хабардар ету болды.

Одақтың атқарушы директоры -Ө.К.Ержанов Басқарма мүшелерін Дирекцияның 2020 жылғы 9 айдағы жұмысы туралы хабардар етті. Басқарма мүшелері Одақтың атқарған жұмысы туралы есебімен танысып, жұмысты одан әрі жақсарту бойынша бірқатар ұсынымдарын берді.

Отырыс қорытындысы бойынша жаңадан сайланған Басқарма мүшелері, Қазақстан машина жасаушылар Одағының Басқарма Төрағасы  ретінде бірауыздан М.Қ.Пішембаевті сайлады.